Қоғамдық қабылдау және уәдеге тойған астаналықтар

07.10.2019, 06:19

116

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданында«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы өтті.Тұрғындар аудан әкімі Ерғали ЕГЕМБЕРДІмен партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Марат ШҰҢҒИЛШИНГЕ және бөлім басшыларынамәселелерін айтып, сұрақтарын қойды. Қабылдауға келген елуге жуық тұрғындардың көбішешілмей жатқан жайттарды бөлім басшыларынан бұрын әкімнің өзіне тікелей айтудыжөн көрген. Сол себепті де әкім отырған жерде ұзын-сонар кезек болды. Дегенменкөпшілік қабылдауды бұрынғы ресми түрде өткізілетін «ашық есік»күндерінен айырмасы жоқ деп ұққан сыңайлы. Көктал ауылы, Тастақ көшесініңтұрғыны, зейнеткер Жеңіс ЖАНАЕВәкіммен тілдесуінен соң бізге сұхбат берген болатын:

«Көшеміздебеті ашық жатқан құдықтар көп. Балалар түсіп кетер деп қорқарымыз белгілі ғой.Үйіме жақын тұстағы жабусыз екі құдықтық ауызын өзім таспен бекітіп қойдым.Одан соң көше бойына жарықшамдар орнатылмаған. Толықтай қамты демейміз, еңболмаса үш жеріне ғана орнатып берсе болды. Қыста балалар мектептен қайтардақиын. Бұл мәселені бұрын да айттым. Шешеміз деп сол күйі қалған. Бүгін дешешеміз ата, уайымдамаңыз деп жіберді. Бірақ күдігім басым», — дейді ақсақал.

Қабылдау кезінде тағы бір қызықтыжайттың куәсі болдық. Полиция департаментіне мәселесін айтып барған анадансұхбат беруін өтінгенімізде «Жас АЛАШ»ылғи жамандап жазады,басым бәлеге қалар жайым жоқ»деп бетімізді қайтарды.Айналасы бір сағатқатолмайтын уақыттың арасында қабылдауға келген адамдар саябырсып қалды. АлКүршім көшесінің тұрғыны ЖәрдембекСАЙЛАУХАНҰЛЫ әкімдер шеттегі ауылдарға мүлдем көңілбөлгісі келмейтінін айтып отыр:

«Күршімкөшесі 2012 жылы атау алып, құрылған. Жол салынбаған соң тұрғындар ақша жинап,өзіміз жол төсеттік. Көшемен автобус қатынайды, дегенмен аялдама жоқ. Қыста,жауынды күні балалар тоңып, автобус күтуге мәжбүр. Бізге шығындалып жақсыаялдама орнатсын демейміз, тек төбесі жабылған шағын аялдама болса да жарареді. Көшеде арғы бетке өтетін арнайы жолақтар жоқ. Соның кесірінен адам қағыпкететін апатты жағдайлар тиылмай тұр. Былтыр Сарыарқа ауданының әкімі АрманАЛАШҰЛЫдегеназамат болған. Ол кісі сауалыма арнайы хат арқылы жауап қайтарған. Көшегежарықшамдар орнатамыз, тіпті бағдаршам қоямыз деген. Бағдаршамының қажеті жоқ,жарықшамдарын әкеліп орнатты. Сенсеңіздер сол, екі күн тұрған шамдарды шешіпалып кетті. Бұлайша әкімдер кімді алдайды. Жаңа әкіммен сөйлестім. Мәселемдіайтсам, биылғы жоспарда жоқ, келесі жылғы жоспарға енгіземіз деп жіберді.Уәделерін неше мәрте алғанымызды білмеймін», — дейді азамат.

 Қабылдаудыұйымдастырған «Нұр Отан» партиясының өкілдері болса «Халықпентығыз байланыс орнату үшін қоғамдық қабылдауларды екі ай сайын ұйымдастырыптұрамыз. Барлық мәселелер кезегімен шешіледі» деп отыр.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55