Қолдан жасалған қиындық

14.04.2020, 14:19

6


«Жас Алаш» газетінің №18  санындағы (12.03.2020 ж) Қ.Зарыққанқызының  суға қатысты мақаласы бізгеой салды. Мәселен, «Ақбұлақ» жобасының біздің ауылға   мысықтабандап қалай келгені, айналамыздағы көршілер суға жете алмай қаңсып отырғанда, суы бар елге су жүргізіп, мемлекетақшасының орынсыз шашылуына ауылдың қалай араша түскенін жұрт әлі күнге ұмытақойған жоқ.    

Бүгінде «Ақбұлақ» бағдарламасының соңғы жылы және біздіңауылдағы соңғы күндері өтуде!? Тіпті, біздің аудан телеарналар  мен  газет бетінен түспейтін болды! Әсіресе «Жасалаш» газеті бәрінен асып түсті. Басылым  орта жолда бізді тастап кетпеді. Казаткомныңүлкен проблемасын ақпарат кеңістігіне шығарып, бүкіл алаш  баласы бір өзіне қарапотырған газет бетінен әрдайым орын беріп, сергектік танытқаны  үшін ауылгазетке белшеден  қарыз!

 Сіздерге түсініктіболу үшін қысқа ғана шегініс. Алматы облысында су мәселесі түпкілікті шешілгенауыл болса, соның біреуі аудан орталығынан шалғай орналасқан Казатком еді. 1966жылы сол кездегі геология министрі А.Сәлімбаев ағамыз ауылға бір келгендеақсақалдар рулас ағайындықтарын алға тартып, су мәселесіне көмек беруді сұрағанкөрінеді. Сол кісінің қолдауымен 1966 жылы қазылып,  100 метр тереңдіктен өз қысымымен шығып, оныңүстіне ешкімнің көк тиыны шықпай, бар шығынын кеңес заманы көтеріп алған жәнежарты ғасырдан бері санэпидемиологиялық сараптамадан еш күмәнсіз, әр уақытта мінсізөтетін су көзі еді.  Ол ауылтұрғындарының суға деген барлық қажеттілігін толықтай өтейтін және әр үйде, әраулада өзіміз түсіріп алған суымыз бар болатын. Кейбіреулер « Ақбұлақ » бағдарламасы аясында ақшаның шеті көрінгенненауылды көкпарға салып, аяқасты пысықтық танытып, сыртымыздан жоспар құрып,кесіп – пішіп ауылдағы су мәселесін үлкен дауға айналдырды.

Еңбекшіқазақ ауданында  су тапшылығының азабын әбден тартқан бес ауылболса, 2015 жылы осы қосаққа су проблемасы жоқ біздің ауылды дасанэпидемиологиялық нормаға сай емес деген түбі шикі уәжбен алтыншы етіпкіргізіп жіберіпті.  Облыс әкімініңорынбасары Л. Тұрлашевтің дәл қазір қолындағы қайталаудан жалықпайтын тастайсіресе жабысып отырған тұз көзірі – аяқастынан пайда болған 04.08.2018 жылғы № 907/ 250 – 251 хаттама. Яғни,ауыл осы кезге дейін су емес, у ішіп келген көрінеді.

    Енді мынаны қараңыз: биліктің қолындағы судыңсапасы туралы № 907/ 250 – 251 04.08.2018 ж хаттама елді алдау, жалғанекендігін арнайы шақырылған тәуелсіз сарапшылар 09.09.2018 ж «КТК»телеарнасының «Аптап» бағдарламасында дәлелдеп беріп, судың сапасы санэпиднормаға сай екенін айтса да билік біздің тәуелсіз сараптамадан өткен № 242 –18\ 481 14.08.18. хаттаманы  әлімойындамай, көкбеттеніп отыр. Міне осылай, біз сияқты суы бар елге тағы бірқосымша су желісі тартылып, орынсыз мемлекет ақшасының шашылуына  саналы түрдежол берілді.

Бүкіл Қазақстанда біз сияқты оған  араша түсетін, сөзімізді сөйлейтін жанбаласын таппай, осыны ешкімге ұқтыра алмай, еңбегіміз еш, тұзымыз сор,жігеріміз құм болды. Дәл кәзір  билік пенхалық емес, билік пен тендер ұтқандардың заманы келіп, аспаннан айы туыптұрғанда, көзіне көрінген кез келгенді шен–шекпеніне қарамай билеп–төстеп,ерінбесе ноқталап алатын тендер ұтқандар мен оларды қызылтанау болғанша, балашақорғайтын билік тандемі ақыры  дегенінежетіп тынды.

     Жалпы 3 кезеңнен тұратын, оның тек 2 кезеңінеғана шамамен 0,5 млрд теңге бөлінген Казатком аулына су түсіру 2019 ж қыркүйек айында аяқталуы керек еді. Бірақ ол қазір тоқтап тұр.   

Амалы таусылған ЖШС «Қарасай» компаниясына түгелдей басқа ұлт өкілдерінен жасақталғанқапшағайлық бригада осы арада белсенділік танытып, өз талабын қойған көрінеді.Яғни төлемақы жұмыс көлеміне байланысты күнделікті және әр аптаның сенбісіесептесу күні, ал оларға төленген ақша біз сияқты «свараға»  тендерге ұрынған келешекте су түсіреміз дегенауылдың есебінен дейді

білетіндер?  Кәзіроларда жоқ, тыңыштық орнады. 

 Қызығы, бұл 2кезең, тіпті өз уағында аяқталса да үйге су келмейді екен. Ол әркімнің жекешаруасы, яғни қалтасына байланысты, ал 3 кезеңді ұйымдастыру ауыл әкімінеміндеттелсе керек, яғни бұл көрші Ақши аулы сияқты ауылдық округте келесі  тағы бір 10 жылдық пайда болмақ!

    Дегенмен, дәл осы жерде ауылдың көргені де, білгені декөп, бірақ айтарымыз және уайым – қайғымыз басқа. Сол кездегі елдің айтқан, жазған бар күдігі уақыт өте келе шындыққаайналып, бейбіт күнде  ауылдың болашағынаүреймен қарайтын болдық. Себебі «Ақбұлақ» жобасы кесірінен ауылда ықтимал болуқаупі аса жоғары қолдан жасалған апат аймағы пайда болды!

Бізден ұсыныс: Сіздерге біздің аудан таныс, кезінде суғабайланысты әр ауылда болдыңыздар, енді осы «Ақбұлақтың» 10 жылдығына орай, солауылдарды өздеріңізге қолайлы бір уақытта, көп кешіктірмей тағы бір аралап,елмен кездесіп қайтсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.


ДосымовҚалиақбар,

Казаткомауылы,

Алматыоблысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58