Қонаев болсын, басқа болсын, күйе жақпайық

Қонысбай АҚПАН

12.05.2021, 08:07

1871

«Жас Алаш» газетінде Қонаевты даттау бағытында жарияланымдар басылды. Олармен келіспейтінімді білдіремін.

БІРІНШІ. Қонаев кезінде 700 қазақ мектебін жапты делінеді. Мен өзім де екі мектептің жабылуының куәсімін. 1951-53жылдары Қарашүңгілде 2-3 кластарда оқыдым (қазақ мұнайының бастауы болған мекен, мұнай барлаушылар поселкесі болды). Барлаушылар жұмысын бітіруге  байланысты көшіп кетті, мектеп те жабылды. Бұдан кейін Тереңөзекте1953-56 жылдары оқыдым. (Каспий теңізіне жақын кен орны). Жұмыстары бітуге байланысты барлаушылар тағы да көшіп кетті, мектеп те жабылды. Міне, мен мектептердің жабылу себебін айтып отырмын. Осы айтылғандай, 700 мектептің әрбіреуінің жабылу себептері болар. Ал қасақана жауып тастады деу үшін дәлелдеме керек, мысалға, 1-5 мың бала бір  жыл немесе 2-3 жыл бойы мектепке бара алмай қалды дегендей. Ондай жағдай орын алды дегенге сене алмаймын. Қонаев болсын, басқа болсын, орынсыз күйе жағудың қажеті жоқ.

ЕКІНШІ. Қонаев татар дегенге де соншалықты мән бергім келмейді. Әжесі татар ұлтының өкілі екені айтылды ғой, сол жеткілікті. Алматыда оқып жүрген кезім, 1970 жылдар шамасы. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат сайлауы болмақшы. Радионы қосып қалсам, Қонаев сөйлеп жатыр, таза қазақ тілінде, таңғалдым әрі риза болдым. Бірінші рет естуім, ол кісі қазақша білмейтін болар деп ойлаушы едім, ешқандай акцент байқамадым, Балқаш ауданы Бақанастан сөйлеп тұр...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39