Қор болған Қазақстан

Бифат ЕЛТАЕВА

11.05.2021, 11:12

5158

Республикамыздағы ең үлкен ірі кешендердің бірі – Алматы орталық стадионында үлкен әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» жазуы жазылған. Алайда ол жазудың ортаңғы әріптерінің үстіне футбол командаларының жарнамалары ілініп, «ҚАЗАҚСТАН»  деген  жазу «Қазтан» деп оқылады. Көзге  тым  оғаш  көрінеді. Бұл жөнінде редакциямызға Тараз қаласынан оқырманымыз хабарласып, бұл сұмдықтың тезірек түзелуіне атсалысуымызды сұрады.

   Өзін Майдан Орынбаев деп таныстырған азаматтың айтуынша, Қазақстан атауына жарнама жабыстырылып, қате жазылып тұрғанына бір ай болған.

— Мен күнде Орталық стадиондағы футболды көріп жүрмін. Сол стадионда, нақтырақ айтқанда Шығыс трибунаға, үлкен әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» деп жазып қойған. Соның ортаңғы «АҚС» деген үш әрпін бір айдан бері футбол жарнамалары жауып тұр. Стадионға ойын тамашалауға мыңдаған адам барады. Бірақ бірде-бір қазақ сол жазуды көрмей ме, ешқайсысы стадион басшылығына ескертіп айтпайды. Бұл не деген масқара? Өз елімізде, өз жерімізде «Қазақстан» деген қасиетті сөзді өшіріп, қалайша қорлап отыр? Сондықтан тілімізге жауапты үлкен мекемелер, стадионның басшылары мен «Қайрат» футбол командасының басшылары бұл қателікті тезірек түзеткендері дұрыс, – дейді Майдан Орынбаев.

   Осы мәселеге қатысты спорт комментаторы, журналист Амангелді Сейітханның қандай көзқараста екенін сұрап көрдік.

— Қазақстан қасиетті мекеніміз болғандықтан, оны құрметтеу өз алдына, жазба түрінде болсын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Баяғыда комсомол уақытында бізге «Бір тиынды жерден не үшін көтересің?» деп сұрақ қоятын. Көбісі бұл сұраққа «Елтаңба үшін!» деп жауап беретін. Сондағысы 1 тиын соншалықты құнды болмаса да, оны жерден көтеруге міндетті едік. Өйткені онда Елтаңбаның бейнесі бар. Міне, сол сияқты клубтың жарнамасын мың жерден жарнамалағысы келсе де, «Қазақстан» жазуының үстін жаба салулары өте сөлекетті, қате дүние. Сондықтан  жарнамаларын алып тастағандары дұрыс, – дейді журналист Амангелді Сейітхан.

    Ал бұл жағдайға Орталық стадион қызметкерлері пікір білдіруден қашқақтады. Кешеннің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, «бұл сұраққа тек ресми түрде хат жазсаңыздар ғана міндетті түрде жауап бере аламыз» деген соң, ресми хат та жолдадық. Алайда талаптарына сай хат жолдағанымызбен, оған жауап бере қоймады. Кейінірек қайта хабарласқанымызбен, стадион қызметкерлерімен байланысу қиынға соқты. Соған қарағанда, стадион қызметкерлері өз олқылықтарын түсінген секілді. Алдағы уақытта мемлекетіміздің атауын бүркемелеген жарнаманың алынатынына үмітіміз де жоқ емес.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11