«Қордай оқиғасы»: құрбандыққа ұстаз шалынды ма?

02.06.2020, 11:54

8

Қордайдағы қанды қырғынға үш ай толды. Оқиғаныңжай-жапсары біртіндеп айқындалып, тергеу ісі мәреге таяп келеді.

Осыған орай, «тергеуқалай жүріп жатыр? Жаппай тәртіпсіздікке не себеп болды? Қамалған жандардыңарасында ауданға белгілі, талай-талай білімді шәкірт тәрбиелеп өсіргенқаракемерлік білікті ұстаз Мұрат Қибеков қайдан жүр? Оның кінәсін дәлелдейтінқандай айғақтар бар? Ал жаппай тәртіпсіздікке себеп болған ағайынды Воингуйларне себепті жеңіл жазаға тартылды?»-дегеноқырмандар сұрағына біз де өзімізше журналистік зерттеу жасап, жауап беругетырыстық. Өйткені, сот үкім шығармаған қылмыстық іске полиция не судьятарапынан ресми пікір алу мүмкін емес.

«Қордай оқиғасы» дегенде ең алдымен көз алдымызға ағайындыВоингуйлардың полицияға ашық қарсылық көрсеткен видеосы келе қалады. Тәртіпсақшыларын айтқанға көнбей, жаға жыртысып, жерге домалатқан  әрекеттері бүкіл жұрттың ашу-ызасын тудырды. Қордайды«қопарып» тастаған тәртіпсіздік дәл осы оқиғадан бастау алды. Полицияқызметкерлері тергеп-тексеру ісінде ағайынды Воингуйлер әрекетіне дәл осылайәділ баға беруі керек еді. Бірақ үш ағайынды «билік өкіліне қарсылық көрсетті»деген айыппен аз уақытқа ғана сотталды. Ал ауыл мектебінде бала оқытып жүрген белгілімұғалім Мұрат Қибеков «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды әрі қатысты» дегенайыппен қамауға алынды. Яғни, тергеп-тексеру ісі о бастан дұрыс жолға қойылмадыдеген шешім жасауға мәжбүрміз.

Оқиғаға қоғамдық мінберден баға беру үшін эмоцияны жиыпқойып, тәртіпсіздіктер хроникасын тағы бір пысықтап өтейік. 

7 ақпанда Қордай ауданы Сортөбе маңын шолып жүргенпатрульдік полиция Honda Odysseyкөлігін тоқтатады. Жүргізушінің қалтасында құжаттары жоқ болып шығады. Тәртіпсақшылары «жүгенсіз» жүрген азаматты полиция бекетіне әкетпек болады. Бірақ полицияталабын орындаудан бас тартқан Л.Воингуй автокөлігімен үйіне қарай қашады.Соңынан жеткен полиция өкілдерін үйден шыққан тағы екі бауыры бар, барлығыүшеуі жабылып, тулақша тартысқа салады. Жерге аунатып, білген қоқан-лоққысынжасайды. Видеоны түсірген тағы бір полиция өкілі оны әлеуметтік желіге салыпжіберді.

Міне, ойланбай жасаған әрекеттің соңы тырсылдаған шиқанныңжарылуына әкеп соқты. Өйткені, осы уақытқа дейін Қордай ауданында есірткі менконтрабанда осы азғантай қауымның қолында еді. Бақылаусыз байлыққа белшеденбатқандар мемлекеттік тіл, қылмыстық жауапкершілік, кедендік заңдар секілдімемлекеттің арқалы заңдарына пысқырып та қарамайтын болған. Алда-жалда заңбұзып жатса, жемқорлық жолымен оп-оңай жауапкершіліктен сытылып кетіп жатты.Мұндай әділетсіздік Қордай тұрғындарының қанын қарайтып, сыздаған үлкенсыздауыққа айналды. Сол сыздауық бір күні жарылуы керек еді…

«Қордай оқиғасын» тергеп-тексеруде алдымен осымәселелерге құқықтық тұрғыдан баға берілуі керек еді. Өкінішке орай, билік бұлкемшілікті жасырып-жауып тастады. Оның соңы мұғалімдерді де қылмыстықжауапкершілікке әкеп соққан сыңайлы.

Қаракемер ауылы тұрғындарының айтуынша, №14 мектептіңбеделді ұстазы Мұрат Қибеков те нақақтан жабылған жаланың зардабын тартып отырекен. Мұғалімнің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы не білеміз? Ауыл тұрғындарыБ.Қилыбаев, К.Мұқаметжанов, Е.Азаматов, Р.Мендебаев, Қ.Әлімбаев, Н.Сейілхановқол қойып, Қаракемер ауылдық округының сол кездегі әкімі Ж.Бокаль растағанмінездемеге қарасақ, «М.Қибеков өзінтек, жақсы жағынан көрсете білді. Көшеміздің қоғамдық жұмыстарына белсенеқатысады. Көршілер арасында беделі зор, салмақты, қонақжай, кішіпейіл,еңбекқор, әділдікті сүйеді. Әрдайым қасындағыларға көмек беруге дайын тұрады.Қиян әрекеттері жоқ. Үлкендерд құрметтеп, кішілерге қамқор бола біледі» депжазылған. Ал мектеп директоры міндетін атқарушы М.Мулькеманов  Мұрат Қибековтың кәсіби жетістіктерін тізекеліп, мұғалімнің жоғарғы санаттылар қатарында екендігін, 1990 жылдан бергіеңбегінде тек жақсы жақтарымен ғана көзге түскенін тілге тиек еткен. Қаракемерауылдық округы әкімі Ж.Бақаев берген мінездеме Мұрат Қибековтың портретін одансайын аша түседі. «Мұрат Қибеков Оразаайт, Құрбан айт мейрамдарында ауылдағы қарт кісілерге, мұқтаж жандарғақайырымдылық көрсетуден алдына жан салмайды», – дей келіп,  өзінің де қыздары — 1-топтағы мүгедек ЛәзизаҚибекті, 2-топтағы мүгедек Маржан Қибекті шексіз қамқорлыққа алғанын айтады.Әкімнің жазуынша, Мұрат Қибеков екі бірдей мүгедек бала бағып отырған отбасыныңжалғыз асыраушысы көрінеді.  

Мұрат Қибеков Қордай ауданындағы оқиғадан соң іле-шалақұрылған Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Қарасу және Қарасай ауылдықокругтері ардагерлерінің бірлескен Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына енгенеді. Ауданда құрылған жаңа институт ә дегенннен-ақ екі тараптың ақсақалдарынжиып, құрбан шалып, татулықты бұзбауға серттесіп, тәп-тәуір іске мұрындық болабастаған еді. Бірақ көп ұзамай, Мұрат Қибековты құзырлы орындар Алматыдағытергеу изоляторына апарып қамады.  

Мұндай жанға қандай айып тағылуы мүмкін? Жұбайы Лилияныңайтуынша, Мұратқа ҚР «Қылмыстық Кодексінің» 272 баптың үш тармағы бойынша айыптағылған. Оның бірінші тармағы «зорлық-зомбылық,өртеу, дүние-мүлікті жою, суық қару, жарылғыш заттар  қолдану арқылы жаппай тәртіпсіздікұйымдастыру және оған қатысу» деп сипатталған. Бұл тармақ бойынша 4 жылдан10 жылға дейін екінші тармақ 3 жылдан 8 жылға, ал үшінші тармақ 3 жылға дейінбас бостандығынан айыру көзделген. Бірақ дәл сол тәртіпсіздіктер орнаған күніМұрат үйде болыпты. Полицияның қолында Мұраттың қылмысқа қатысы туралыфото-видео айғақ та, нақты куә де жоқ екен. Бірақ Мұратқа қарсы полицияқызметкері куәлік беріпті.

Қанды қырғынға себеп болған байдың үш баласы жеңілжазамен оңай құтылса, артында дөкей «тіреуі» жоқ адал мұғалім осылайша нақақжаланың құрбанына айналған секілді.

Наурыз айының басында президент Қасым-Жомарт ТоқаевҚордай ауданы тұрғындарымен кездесті. Сол уақытқа ыңғайлап, аудан тұрғындарыпрезидентке, бас прокурор Ғ.Нұрдәулетовке, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқаөтініш хат дайындаған екен. Бірақ жергілікті атқамінерлер хатты мемлекетбасшысына тапсыруға барынша кедергі жасап баққан. Соның кесірінен хат иесінежетпепті.

Қордай ауданы Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері қол қойғанол хатта «Қордай оқиғасына қатысы бар»деген күдікпен ауылдардан алып кетіп жатқандардың дені көзі ашық, көкірегі ояу,одан қалса, Отаным десе отқа түсер азаматтар мен өрімдей жастар. Бұл әрекеттер біздердіңжасаған баталы да бірлік жолындағы тірлігімізді жоққа шығарып, ел ішіндеқайтадан наразылық тудырмас па екен деген ойға жетелейді. Осы істің ақ-қарасынанықтап, қазіргі таңда күдіктілер тізіміне енген балаларымыздың болашағынабалта шабылмаса екен деп тілеп, албырттық пен ашуға жол берген азаматтарымызғаөзіңіздің араша түсуіңізді сұраймыз» делінген.

Тұрғындардың жанайқайы жетер жеріне жетпегесін, «Қордайоқиғасына қатысы бар» деп айыпталған жастардың сұрауы да болмай тұр. Сұрауыболмағасын шығар, жақында тергеу изоляторында жатқан сондай күдіктінің біріөзіне қол жұмсап, қансырап қайтыс болды. Сан қатпарлы істі саралай отырып,«бәлкім, марқұм жігіт әділдікті дәлелдей алмайтынына көзі жеткесін, осындайамасыз әрекетке баруға мәжбүр болған шығар» деген ойға қаласың.

Екі бірдей мүгедек бала бағып отырған Мұраттың жұбайы дажоғарыға жәутеңдеп, әділдік орнайтын шығар деген үмітін жоғалтқан жоқ. Тек, осыісті қатаң бақылауға алатын жан табылса…


Бет қатталып жатқанда:  Инсайдерлік ақпарат көздерінің хабарлауынша,әлеуметтік желіде жаппай тәртіпсіздікке шақырған видео-аудио үндеулердіңсараптама қорытындысы шығыпты. Онда елді тәртіпсіздікке шақырған МұратҚибековке қарсы дәлел-айғақ болатын бірде-бір факты табылмаған.


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13