Қордай шекара бекеті жабылды

14.02.2020, 13:19

269

Қордай бақылау бекетіжабылды. Бұл жөнінде Қазақстанның шекара қызметі мәлімдеді.

ҚР шекарақызметінің баспасөз орталығының басшысы Қанатбек Сұлтановтың сөзінше, Қордайбақылау бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

«Жөндеу жұмыстарының қанша уақытқа созылатынын қазір айтаалмаймын. Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын өткізу күнделікті сағат6:00-ден 24:00-ге дейін жүзеге асырылатын болады. Қауіпсіздік шаралары менҚазақстан тарапының қажеттіліктеріне байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,- деді Сұлтанов

Бұған дейін,Қырғызстан тарапы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанмен арадағы «Ақ жол»өткізу бекеті ақпанның 20-ына дейін жабылатынын айтқан. 

Жөндеу жұмыстарыкезінде бекеттен қол сөмкелері бар адамдар ғана өткізіледі. Жүк көліктері,жолаушы тасымалдарының негізгі бөліктері өзге бақылау бекеттері арқылы жіберіледі.

Естеріңізгесалайық, ақпанның 7-і күні Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасындақақтығыс болып, салдарынан 11 адам көз жұмған. Қазір аталмыш оқиғаға байланыстыаймақта үкіметтік комиссия жұмыс істеуде.

Фото ашық ақпарат көздерінен.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31