10.02.2020, 12:03
82
Қордай оқиғасынан кейін Жамбыл облысындағы бір қатар лауазым иелері қызметінен кететін болды.
ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданындакісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуінеәкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегіорынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарынасалғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министріЕ.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті жәнеҚордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алудытапсырды.
Фото: Әлеуметтік желіден.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР