Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Сайт әкімшілігі

12.08.2022, 17:42

2136

Қорғаныс министрлігі арнайы комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметші А.Б. Елшібаеваның Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарылуы және батальон командирі тарапынан оған азғындық әрекет жасалуы туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға қатысты қосымша тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, министрлік комиссиясы азаматша А.Б. Елшібаеваның айтқан тұжырымы мен айғақтарын қайтадан мұқият зерделеді.

“Комиссияның жан-жақты тексерісінің нәтижесінде А.Б. Елшібаеваның арызында көрсетілген фактілер құжатпен расталмағанын және шындыққа жанаспайтынын анықтады. Бұған дейін, 2022 жылдың 6 мамырында Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі аталған әскери қызметшінің жазбаша өтініші бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген. Батальонның барлық жеке құрамы А.Б. Елшібаеваға қатысты 54179 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз іс-әрекет фактілерінің болғанын растамады”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ жаңа комиссия жұмысының нәтижелері және Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі жинаған материалдарды қарау, сондай-ақ 54179 әскери бөлімі қызметшілерінің түсіндірмелерін талдау бойынша азаматша А.Б.Елшібаева ұсынған айыптаулар расталмады.

1Айта кету керек, бұрынғы әскери қызметші қызмет атқару барысында батальон қолбасшылығы тарапынан бірнеше мәрте ескерту алған және әскери бөлімнің аумағына ұялы телефонды заңсыз алып кіргені үшін  тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Биылғы жылдың 3 мамырында аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес А.Б. Елшібаева жауынгерлік даярлық бағдарламасын төмен меңгергені және тәртіпті бұзғаны үшін ҚР Қарулы күштері қатарынан теріс пиғылы бойынша шығарылды”, – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Сонымен қатар министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес А.Б. Елшібаеваның аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда сот органдарына жүгінуге құқылы екенін айтты.

Айта кетсек, Қазақстандық ару әскери қызмет кезінде командирлер тарапынан азғындық пен қудалауға ұшырағанын мәлімдеген болатын. Ол «НеМолчиKz» қоғамдық қорына жүгініп, оқиғаның Алматы облысы Шеңгелді кентіндегі 54179 әскери бөлімде болғанын жеткізген.  Әскерге келісімшартпен жұмыс істеуге барған қыз ақыры жұмыстан қашып құтылған.

Әскери қызметте жыныстық алымсақтыққа ұшыраған Айғаным Елшібаева оқиғаның қалай болғанын және тергеу барысы жайлы айтып берген еді. Арудың сөзінше, командирлері тарапынан қудалауға жалғыз ол ғана ұшырамаған. Әлеуметтік желідегі арызынан кейін әскери бөлімде қызмет еткен бірнеше әйел өздерінің басынан осындай жағдай өткенін мәлімдеген. Алайда қызмет орнын сақтап қалу үшін үнсіз отыруға мәжбүр көрінеді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41