ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ОФИЦЕРЛЕРІ: “БІЗ БОМЖҒА АЙНАЛДЫҚ!”

01.08.2019, 19:54

256

1 тамыз Алматы қаласында әскери қызметкерлердің тұрғын үй мәселесі бойынша пресс-конференция өтті.  Қорғаныс министрлігінің 600-ден аса офицері баспананы былай қойғанда, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ тура бір «бомж» сияқты тұрмыс кешіп жатқандарын айтады. Енді зейнеткерлер "Әбден ушыққан мәселемізге президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ аралассын" деген талап қойып отыр.  
Адвокат Айман ОМАРОВАНЫҢ айтуынша бұл бүгін ғана пайда болып отырған түйткіл емес. Танымал қорғаушы шенеуніктердің былықтарының кесірінен офицерлердің құқықтары тапталып жатқанын жеткізді. 
«Бұл мәселе бұрыннан келе жатыр. Қорғаныс министрлігіне ақша бөлінеді. Бірақ ол қаражат мұқтаж болып отырғандарға беріліп жатқан жоқ. Қайда кетіп жатқаны маған да қызық. Шенеуніктер өз қалтасынан шығаратындай бергісі келмейді. Бір айтатыным, бұл мәселеге барлығы бірдей тап болып отырған жоқ. Кейбір әскери қызметкерлердің талабы қанағаттандырылған. Ал кейбірі қанша әрекет жасағанмен проблема сол күйінде қалып отыр. Заң бойынша барлығының құқы тең қаралу қажет. Демек бұл жерде жемқорлықтың да көрінісі бар деп күмәндануға болады. Тоқаевқа үндеу жібереміз. Біздегі нақты проблема — ол тұрғын үй. Бұрын қызметтік пәтерде  тұрып келген зейнетке шыққан әскерилердің енді баспанасы жоқ. Баспананың орнына тиесілі қаржыларын бермей отыр» — дейді Айман Омарова.
Ал кемі 10 жыл әскери қызмет атқарып, қазір зейнетке шыққан азаматтар: «Енді мемлекетке керек болмай қалыппыз» деп налыйды. 
«Біздің талабымыз берсе барлығымызға бірдей қаржы берсін. Құқықтарымыз бірдей қорғалсын. 4 жыл болды компенсациямызды төлеуді тоқтатып тастаған. ЭСПО-ға байланысты деп естиміз. Нақтылайық десек бізге жауап беруге ешкімнің құлқы жоқ. Тиісті орындардан бастап президентке дейін хат жаздық. -дейді Шымкент, Арыс, Жібек жолы гарнизондарының өкілі Өмірбек ҚҰРБАНҰЛЫ.
Жаркент қаласы гарнизондарының өкілі Шынар СЕЛИЖАНОВА өзін 19 жыл 3 ай дегенде зейнетке шығарып жібергенінің себебін түсінбей дал. Енді: „Мерзімімнің 20 жылға толмауын сылтауратып көп нәрседен қағып жатыр“ деп шырылдайды. Айтуынша, басшылық баспана мәселесін „ауыстыру тетігімен“ шешпек болған. Алайда ондағы үйлер адам тұруға мүлде жарамайтынын жеткізді.

»Ескі, жөндеуге де келмейтін үйлерді бізге тықпаштап отыр. Құнын көрсеңіз адам шошырлық. Алғашқы құнын, одан кейін қалдық құнын төле деп отыр. Ескі пәтерді 29 миллионмен беріп жатыр. Ендігі бір зейнетақыға қарап отырған біздер ол ақшаны қайдан тауып береміз. Өлгенімізше төлеп өтуіміз керек пе? Оны төлеп бітуге жасымыз да жетпейді. Біз шағымданғаннан кейін пәтерлердің бағасын төмендеткені рас. Бірақ берейін деп тұрған үйлері маңында жан баласы тұрмайтын айдалада орналасқан. Не есік, не терезесі жоқ пәтерлер. Біз Жаркентте жабық, оқшауланған әскери қалашықта тұрып келдік. Оларды жекешелендіріп ала алмаймыз. Не баспана алуға ақша бермейді, не дұрыс пәтер ұсынбайды," — дейді Шынар Селижанова.


Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31