Қосағаштың әкімі Ленинмен қоштасқысы келмей ме?

13.09.2019, 13:47

5

Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен тоқсаныншы  жылдардың соңында аудан  мәртебесінен айырылып, Аякөздің құрамынаөткен Шұбартауға жолымыз түсті. Осы өңірдегі ауылдардың бірі – Қосағашқа әкімбіткен ұранындай жаттайтын  Назарбаевтың«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы шыққалы екі жылдан  асып кетсе де әлі күнге әсер етпеген секілді.Есесіне, ауыл басшысының үні өктем «нұр- көсемнен» гөрі күні өткен «күн -көсемді»әлі де қимайтын жайы бар.

Ауыл әкімдігінің дәл жанынан өте бере «Ленин» деген жазуыжарқырап тұрған ескерткіш тұғыртасын көріп көліктен түсіп, жанына жақын келдім.Кезінде Ленин бюсті болғаны, алынып тасталғаны байқалады. Бірақ, кеңестік«патшаның» өзі тұғырдан тайғанымен, фамилиясы елбасының президентпен қосажағаласатыны сияқты қалып қойғаны таңқалдарды.

Ауылдық округ ғимаратына кіріп, басшысымен таныспақойымыздан да түк шықпады. Ауыл әкімі Бекбай ҚАЗОВ «Ленинді қалдырып» кеткендейорынын бас маманға аманаттап, жайбарақат демалысқа шығып кетіпті.


Сыртқа шыққанымызда «Ұлы даланың жеті  қыры» жазылған баннерге көзім түсті.  Алайда, қазақ даласына кеңестік дәуірдіңдәнін сепкен  «күн көсемнің» тегін отызжылға дейін тұғыртасымен сақтап отырған ауылда «жеті қырдың» ортасындағы «нұркөсемнің» бар –жоғы білінбейді екен.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34