19.03.2023, 09:20
1348
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz .
Ол Астанадағы 110-сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Халықтың саясатта белсенділігі жоғары. Халық өз тағдырын өзі шешуге құштарлық танытып отыр. Бүгін біз мұны көріп отырмыз», – деді Қошанов журналистерге.
Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы министрлер кабинетіне жаңа адамдардың келуі ықтимал екенін атап өтті.
"Өз ісін білетін, ел игілігі үшін еңбек ететіндер келеді деп сенеміз".
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР