«Қошановқа арналған жаңа жыл»

26.12.2018, 21:54

36

Қарағанды қаласын жаңа жылдық безендіруге қаражат табылады. Шаһар әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ 42 миллион теңгеге кеншілердің шәрін сәндеп, сәнін кіргізіп жатыр. Алайда, жылу магистралінің су беруші құбырларын жөндеуге ақша жоқ сияқты. Толыққанда жөндеу жұмыстары 2019-жылғы жоспарда. Айтпақшы, қаладағы мерекелік салтанат сән құрған аумақ – Ерлан ҚОШАНОВ отыратын облыс әкімдігінің маңы. Қарағанды халқы мен қала қонақтарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлау үшін миллиондар жұмсалады. Шаһардың басты шыршасын металл құрылымынан бөлек түбегейлі жаңартылады. Шыршаның ұзындығы 20 метрге дейін ұзартылады. Жасанды шыршалар саны да аз емес. Жаңа жылдық безендіру жұмысымен айналысып жатқан «Арт Авангард» ЖШС директорының орынбасары Рустам ҚАПАНОВ биылғы жылдың өзгешілігін былай жеткізді:«Биылғы жылы біз жасанды шыршаны толықтай жаңарттық. Әшекейлер де жаңа. «Твинкл Лайт» жарық диодты гирлянда ақ түспен жарық шашады. Оған шамамен 1500 метр сым кетті. Тағы бір жаңа 450 метрлік гирлянда, шарлар мен Аяз аталар қызыл түспен жанады. Оларды күндізгі уақытта да шыршаға әсемділік беру үшін орнаттық. Шырша төбесінде жаңа ақ жұлдыз қойылды». Тек бас шыршаға 20 адам және үш техника жұмылдырылған. Әлбетте, мерекені тұрғындар сезінсін деген шенділер қаражатты да аямай 42 миллионды ойланбастан берген. Алайда, журналист Ботагөз ОМАРОВА жаңа жылға деген дайындық облыс басшысы үшін жасалып жатқандай әсер ететінін айтады.«Достар, сіздерге жаңа жылға әрленген қаламыздың көркі ұнай ма? Кеше кешкісін қаланы аралап шықтым, бірақ жаңа жылдық көңіл-күй байқамадым. Жаңа жылдың келе жатқаны тек қаланың орталық бөлігінде, нақтырақ айтқанда облыс әкімшілігінің маңында ғана байқалады. Барлығын бір кісіге арнаған. Ол терезесінен қарағанда тұрғындардың шаттыққа бөленіп жатқанын көру керек сынды. Безендірілген гирляндалар, шырша және тазартырылған жолдар, барлығы керемет! Дегенмен, бюджеттен аз ақша бөлінген жоқ. Осы Ерлан Жақанұлы қаламызда орталықтан бөлек басқа да аудандар бар екенін біле ме? Мәселен, Майқұдық, Оңтүстік-Шығыс, Михайловка, ЖБИ, Федоровка, Пришахтинск, Күнгей. Осы жерлерде болды ма екен өзі? Болса, қашан? Аталған шағын аудандарда жаңа жылдық безендіріудің болмауы ұнай ма екен оған? » — дейді журналист. Жалпы, барлық шенеуніктер жаңа жыл мерекесін жақсы көреді. Облыс әкімдері, министрлер т.б. Және сол күнге дайындықты ерте бастап кетеді. Қарағандыда «Елка» күніне жанталасып дайындалып жатқанда 20 желтоқсан күні Оңтүстік-Шығыстағы автобекет маңында жылу магистралінің су беруші құбырынан ақау шықты. 30-шы, «ЖТК», «Степной – 1, 2, 3, 4» шағын аудандарының 144 пәтер мен 32 нысан дұрыс жылымай, тұрғындар электрлі жылыту пештерін қосуға мәжбүр болды. Апатты қайта жөнге келтіру барысында құбырлардың 30 жылдан бері жөндеу көрмегені анықталды. 70 пайызға дейін ескірген. Аталған бөліктің толықтай жөндеуі тек 2019 жылға жоспарланып отыр.Ал, «Теплотранзит Караганда» ЖШС бас инженері Сергей ВИКТОРОВ «Жылу жүйесінде 700 мм құбырдан дефект табылды. Оны қалпына келтірдік», — дейдіФотолар: ekaraganda.kz және Дмитрий Кузмичевтікі.   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57