Қошановқа кіреміз: Қарағандылықтар тиесілі пәтерін ала алмай жүр

17.07.2019, 20:37

91

Қарағандылықтар үш жылдан бері зарыққан пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр. БауыржанМомышұлы көшесіндегі 28-үйдің соңғы төртінші және бесінші блок секциясынанбаспана дәметкендердің жолдары болмай-ақ қойды.

Мердігер компания үйдің ішкі құрылыстарын аяқтамайтоқтатып қойған, тапсырыс беруші қалалық әкімшіліктің құрылыс бөлімі оныменсоттасып әлек. Екі ортада әдеттегідей тұрғындар зардап шегуде. Соңы дау-дамайғаұласқан тұрғын үйдің соңғы төртінші, бесінші блоктарының ішкі құрылыс жұмыстарымен инженерлік жүйесі қалғанда шаруа орта жолдан тоқтап қалған болатын. Бұл екі блоктың құрылысына жартылай мемлекеттен қаражат бөлінсе, қалғанбөлігіне 300 млн теңгедей қаражатты мердігер ұйым салмақ болған. Қаражат салғанмердігер ұйым оның есесіне жертөлелік нысанды коммерциялық ғимарат ретінде өзіалуы тиіс болатын. Алайда қаржысын жеткізе алмаған мердігер құрылыс жұмыстарынаяқтай алмаған.


2013 жылықұрылысы басталған үйді пайдалану мерзімі 2017 жылы деп жоспарланған. Дегенменбұл қойылған мақсатты әкімшілікте мердігер де орындай алмады. Үш жылдан беріпәтерін тосып сабылған жұрттың шағымданып, бармаған жерлері қалмапты. Көктемдехалық шулаған соң әкімшіліктегі шенеуніктер демеуші ретінде өзге бір мердігерұйымдарды жұмысқа жегіп, төртінші блоктың ішкі жұмыстарын аяқтатып алған еді. Қазіргіуақытта бесінші блоктың есіктері аңғал-саңғал күйде әлі тұр. Бүгінде бұлподьездің есігін тіпті дәнекерлеп жауып тастаған.

«Өз басым қаланың басқа бөлігінде пәтер жалдап тұрамын. Анда-мындакөшіп жүрміз. Бес балам бар, енді балаларымды осы үйдің маңайындағы мектепкеберейін десем, білмей отырмын, қаланың екінші бөлігінен қатынасу қиын болыпкете ме деп ойлаймын. Ал енді бір жарым айдан соң сабақ басталады ғой, мыналаресікті тастай бекіткен, жұмысты бастайтын түрлері жоқ», — деп қынжылады көпбалалы ана Жұлдыз ҚҰРМАНБАЕВА.


Баспанасын үшжыл тосқан жұрттың жартысы әкімшілікте талай жыл үй кезегінде тұрғандар, алекінші бір бөлігі банк салымшылары. Араларында баспананың құнын толық төлепсатып алғандар да бар. Үлескерлердің айтуынша бесінші блоктың жұмысыншенеуніктер шілдеде бастаймыз деп уәде берген, алайда бұл жұмыстың жуық арадабасталар түрі байқалмайды.

«Қазіргі уақытта сот өтіп жатыр, оның ішінде келісім-шарттыбұзу үшін емес, мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын аяқтасын деп талап қоюдамыз,өйткені келісімді бұзсақ, құрылыс жұмыстары аяқталмай қалайын деп тұр. Жаңамердігер болмайды, құрылыс жұмыстарын аяқтату үшін қосымша демеуші ретіндекөмектесетін мердігерлерді де іздеп жатырмыз», — деп мәлімдеді Қарағандықаласының құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Рашид ТӨЛЕУБАЕВ.

Жылда күтіптөзімдері таусылған жұрт енді облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВҚА шағым жазып,қабылдауына кіреміз деп жоспарлауда. Шенеуніктер жылдың соңына дейін қалған 96пәтердің қожайыны кілттерін қолдарына алады деген уәж білдіреді. Алайда бұғанжұрттың сенгісі жоқ.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 14:30
Ұлттық құқықты дамытатын кезең келді
Сайт әкімшілігі 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:01
Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:06
Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.04.2021, 16:45
Ашаршылық кезінде ашылған балалар үйі неге жермен-жексен?
Еркежан АРЫН 22.04.2021, 15:50
COVID-19: емдеуде халықаралық тәжірибе алмасу – маңызды қағида

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25