11.11.2019, 13:36
99
Қостанай облысы әкімдігі 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне дайындықтарын пысықтауда. Сол жылдағыдай берілетін пәтер, ашылатын нысан жайлы әңгіме Қостанай облысы әкімдігінің апаратжиынында айтылды. Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ орынбасары Марат ЖҮНДІБАЕВ Тұңғыш президент күні қатардағы мейрам сияқты аталып өтпеу керек деді. Бұл туралы kstnews.kzжергілікті интернет басылым жазды.
«Тұңғыш президентжәне Тәуелсіздік күні мемлекеттік маңызы жоғары мереке.Біздің мақсат – екі мерекені қабыстыра отырып, мерекеден мерекеге ауысудықамтамасыз ету. 2020 жыл елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 80 жылдығы. Және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық жүргізетін жыл», — деді Жүндібаевәкімдік аппаратының отырысында.
Оның сөзінше,мерекені тек мұғалім, дәрігер, мектеп оқушылары және мемлекеттік қызметкерлер ғана атап өтпеуі тіис. Мерекелікшараға әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар, зейнеткер, ауыл шаруашылығы жәнекәсіпорын жұмысшыларын да жұмылдыру керек. Тұңғыш президент күні Новоильиновка,Забеловка ауылдары мен Арқалық қаласында 5317 адамды ауызсумен қамтамасызететін құбыр іске қосылады деп жоспарлануда.
Фото:altyn-orda.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР