«Қостанай казактары әнұранды айтпайды»

20.12.2018, 22:21

147

Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері облыс басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ қатысуымен президенттің халыққа жолдауы талқыланған. Филармонияда өткен бас қосуға «Кустанайская община Оренбургских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман Виктор ЧЕМПАЛОВ қатысыпты. Алайда, казак қасындағы серігімен мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген. Бұл туралы адвокат Абзал ҚҰСПАН facebook.com әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды.«Мына суретте Чемпалов Виктор Генадьевич деген «Кустанайская община Оренбургских казаков» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, атаман. Екінші суретте облыс әкімі Архимед Мухамбетов бастаған Қостанайлық шенеунік қазақтар.Қостанайлық белсенді жігіттердің айтуынша, оқиға Қостанай қаласында 26-28 қараша күндері, Филармония ғимаратында Президент жолдауын талқылау барысында орын алған. Казактар атаманы қасындағы серігімен, мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпегені былай тұрсын, «тәуелсіз» Қазақстан республикасында бекітілмеген әскери киіммен жүруге болмайды деген Заң талаптарын бұзып тұр! Казактардың тайраңдауын тыюдың заңды жолын талай мәрте айттым, әзірге естір құлақ жоқ...», — деп жазды заңгер әлеуметтік желіде.«Кустанайская община Оренбургских казаков» қауымдастығы 2007 жылы 29 қаңтарда облыстық Достық үйнің қабырғасында құрылған. Тұңғыш атаманы Всеволод КАШАРИН. 2011 жылдың шілде айына бастап басшылыққа Виктор Чемпалов келген.Ұйымның негізгі жұмысы жастарға патриоттық тәрбие беру және ұлтаралық татулықты нығайту. Олар осы бағытта түрлі шаралар да ұйымдастырып келе жатыр. 1995-2005 жылдары Қазақстандағы казактар қоғамдық бірлестік болып ресми тіркеуден өткен. Және Қазақстан, Ресей, тағы басқа елдердегі казактармен байланыс орната бастады.  Заңға сәйкес олардың қызметі конституцияға қайшы болмауы тиіс.Фото: facebook.com 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15