Қостанай Назарбаевқа көше беруде кешігіп жатыр

22.07.2019, 18:01

144

Қостанайда ғарышкер Юрий Гагарин көшесі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атына берілуі мүмкін. Осыған орай қоғамдық тыңдау 29 шілдеге жоспарланды. Бұл туралы «Жас АЛАШ»хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда Абай даңғылына Назарбаев есімі берілуі туралы талқылау болып, қалалық мәслихаттың ұсынысы кері қайтарылған. Содан бері әкімдік «бірінші президенттің атына  қай көшені береміз? деп бастары қатқан сияқты. Енді, талқылаудан кейін тұңғыш ғарышкердің атындағы көше Н.Назарбаев деп өзгертілуі әбден мүмкін.
«Мұндай ұсынысты бірнеше ұжым жасады. Гвардейский көшесіне енді тұңғыш ғарышкердің есімі берілетін болады,» — дейді Қайрат АХМЕТОВ.
Гагарин көшесі Қостанайдың басты көшелерінің бірі. Мұнда, қаладағы ең үлкен сауда орны "Қостанай плаза", Орталық стадион, Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан.
Тұңғыш президенттің атына көше беру мемлекет басшысы Тоқаевтың ең алғашқы бұйрығы. Нұрсұлтан Әбішұлы отставкаға кеткеннен кейін уақытша мемлекет басшылығын қолға алған Тоқаев 20-наурызда өткен ант беру рәсімі болған жиынның өзінде-ақ осы ұсынысты тастаған еді. Алдымен, астанаға бірінші президенттің есімін беруді ұсынып, «облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек» деген болатын. Жарлық шығысымен-ақ 20 наурызда Шымкенттегі Астана даңғылын жергілікті мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп өзгертті. Кейіннен Өскемен, Павлодар, Атырау облыстарында Назарбаев көшелері пайда болды.
Ал, Қостанай неге екенін Тоқаевтың бұл бұйрығын кешеуілдетіп келеді. Бес ай өтсе де Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ «тұңғыш президентке қай көшені береміз?» деп ойланып жүр.


Фото: azattyq.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01