06.09.2021, 17:04
1155
Қостанай облысындағы демалыс базасында бес жасар қызға аю шапты. Бала ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаны куәгерлер мен қыздың туыстары әлеуметтік желілерде жариялаған. Олардың айтуынша, оқиға 5 қыркүйекте «Радуга» демалыс базасында болған. Бес жасар қызы бар әйел аюдың торына бірінші рет жақындап барғанда, ол тыныш жатқан. Алайда, кейін қыз торға жалғыз барған, сол сәтте жыртқыш баланы тістеп алған. Оны ата-анасы мен демалушылар құтқарып алған.
Қостанай облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша соталды тергеу басталған. Бап санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізілген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР