02.12.2019, 17:44
160
Кеше елімізде ҚР Тұңғыш Президенті атты мереке өтті.Мейрамы көп мемлекетімізде бұл күн жақындағанда түрлі шаралар қолға алыныпжатады. «Жас АЛАШ»тілшісі ашық дереккөздерден 1желтоқсан қарсаңындағы шараларды шолып шыққан еді. Солардың бірін өз оқырмандарымызғаұсынуды жөн көрдік.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін Қостанай қаласындағы35 мектеп атап өтіпті. Архимед МҰХАМБЕТОВ басқаратын өңірде экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВҚА арналған жалпыреспубликалық ашық сабақтар өткен. Облыстық «Қостанай таңы»газетініңжазуынша, оған облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан ЖазушыларОдағының мүшелері Серікбай АСПАНОВ, Нағашыбай МҰҚАТОВТАР қатысқан.
Қонақтароқушыларға Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ туралы лекция оқып, сауалдарға жауап беріпті. 5-8сынып оқушыларына «Әлем мойындаған көшбасшы», «Н.Назарбаевтың қайырымдылыққызметі» атты тақырыпта ашық сабақтар өтсе, 9-11 сынып оқушыларына ток-шоу,дебат түрінде өткен екен.
Фото: informburo.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР