Қостанайдың әкімі қайда қарап жүр?

Әділ АҚЫЛБАЙ

03.06.2022, 08:30

1541

Қостанайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы орыс тілінде оқытатын орта мектепте өткен «соңғы қоңырауда» оқушылар әскери киім киіп, вальс билеп, «біздің ресейлік геройлар» деп әндеткен екен. Бұл сұмдықтың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 

Қазақстанда тұрып, «ресейлік геройлар» деп ұрандатқаны несі? Мектеп директоры немесе тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің мұндай әнді қосуға қалайша рұқсат берді? Сөйтсек, бұл сол мектептің жылдағы «игі дәстүрі» екен. Ең сорақысы, дәл сол шараға Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев қатысыпты. Жергілікті білім басқармасының бастығы да қалыспаған, ол да осы шараны Инстаграмдағы парақшасына мақтанышпен жариялапты.

– Бұл деген басыну ғой? Біз өзі қай мемлекет үшін кадр дайындап жүрміз? Ресей үшін бе? 30 жылдық тәуелсіз ғұмырымызда өзіміздің идеологиямызды айқындай алмағанымыз ба? Балаларымыз әлі орыс идеологиясының әндеріне билейді екен. Жарайды, ол мектептің директор-завучі жан-тәнімен ресейшіл мақтабастар болар. Мәселе мынада: солтүстік өңірлеріміздегі орыс мектептері түлектерінің 50-90 пайызы аттестатын ала салып, Ресейге кетіп жатады. Сонда біз мемлекет есебінен өзіміздегі орыс мектебінде Ресей үшін тегін кадр дайындап жүрміз ғой, ашығын айтқанда? Біз сияқты патриоттардың соңғы 10-15 жыл бойы шырылдап айтып жүрген ұсынысымыз сол, қазақ балаларын орыс мектебінде мемлекет есебінен орыс тілінде оқытуға болмайды! Конституциямызда «мемлекеттік тіл» деп жалғыз қазақ тілі бекер тұрған жоқ шығар. Конституцияны желеу етіп, бұдан былай орыс мектебінде бюджет есебінен оқытуға тыйым салуға болар еді ғой? Қазақстанның ұл-қыздарын мемлекет есебінен тек қазақ мектебінде оқытатын құқығымыз бар. Әгәрәки, өзіміздің қазақтарымыз өз баласын орысша болсын, қытайшасы, басқа тілдегі болсын білім беретін мектепте оқытқысы келсе, онда мұны мемлекет есебінен емес, өз есебінен оқытсын. Қазақстанда 3,5 миллион орыс үшін 3,5 мыңнан астам орыс және аралас мектеп бар. Бізде өзбек, ұйғыр түгілі, тәжік мектебі бар. Қазақстандағы 15-20 мың тәжік үшін мемлекет тәжік тілінде оқытатын мектепті асырап отыр. Олар бірақ диаспоралар. Тәжік мектебінде қазақ баласы оқымайды. Қазақ баласы орыс мектебінде оқиды. Бұл ақылға сыймайды. Бұл мәселені қалай да шешу керек. Білім саласындағы заңдарды өзгерту қажет болса да. Ресми түрде 850 мың қазақ тұратын Ресейде мемлекет қаржыландыратын бірде-бір қазақ мектебі жоқ қой, – дейді қоғам белсендісі Руслан Түсіпбек.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49