03.09.2020, 19:22
249
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 76проценткеөсті. Бұл осындай қылмыстарды әшкерелеу процесстерінің жақсы жүріп жатқандығыментүсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2015 жылдан 2019 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны төрт еседен астамға азайды. 2019 жылы осындай алты қылмыс қана тіркелген. Бірақ 2020 жылдың басынан бастап 76% өсім байқалды.
Қорғаныс министрлігінің өкілдері осы жағдайға байланысты өз пікірлерін білдіріп өтті:
-«Шын мәнінде, бұл сыбайлас жемқорлық қылмысының көбеюі емес, қылмыстың ашылу деңгейінің артуы. Және бұл министрлік қолданып отырған түбегейлі жаңа тәсілдердімен амалдардың нәтижесі оң болады деп күтілуде. Қорғаныс істері департаменті ештеңені жасырмайды, керісінше, барлық ақпаратты тиісті органдарға өткізіп, ашық жұмыс істейді», — деген болатын.
Басқарманың мәліметінше, 2019 жылы және биыл бюджет қаражатын жымқыру саласында бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Негізінен жекелеген әскери қызметшілердің күнделікті эпизодтық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелді.
Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлық рейтингісін анықтау кезінде қылмыстың ауырлығын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеру қажет екенін атап өтеді.
«Адал емес әскери қызметшінің бес мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы төлеу жағдайын миллиондаған долларға бюджет қаражатын ұрлаужағдайыменсалыстыруға болмайтыны белгілі.
Осыған қарамастан, Қорғаныс министрлігі кез-келген, тіпті кішігірім құқық бұзушылықтарды қолайсыз деп санайды және нөлдік төзімділікке ықпал етеді.
«Біз өзіміздің қатарымызды тазартуға мүдделіміз. Бұл жұмыста ешкімде аянып қалмайды», — деді қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР