Қу ақша Аймағамбетовті де құртыпты

Енді жағымпаздар министрін қалай ақтар екен?

Әділ КЕМЕҢГЕР

04.05.2021, 09:52

10856

      Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектеп мұғалімдерінің айлығы 200-300 мың, ал кейбір мұғалімдердің жалақысы 500 мың теңгеден жоғары деп мақтана есеп береді. Бірақ мемлекет есебінен алатын өз табысын жария етпейді.

      Күні кеше журналист Михаил Козачков әлеуметтік желіде өте қызықты құжаттардың, ҚР БҒМ басшыларына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйақы беру туралы бұйрықтардың суретін жариялады. Оған сәйкес, министр Асхат Қанатұлынан бастап, жауапты хатшы Қанат Сәрсембаев, вице-министрлер Бибігүл Асылова, Мирас Дәуленов, Шолпан Каринова, Рүстем Биғарилар бір жылдағы өз жалақысының үстінен тағы 13 жалақыға тең үстемеақы алған екен. 

       Қоғам, әсіресе мұғалімдер қауымы білім және ғылым министрлігінің топ-менеджерлерінің табысы қанша екенін білуге құқылы болуы тиіс. 2020 жылдың 11 желтоқсанында қол қойылған бір бұйрыққа сәйкес, жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесіне байланысты министр мен оның орынбасарлары қосымша 11 жалақысы, Мұғалімдер күніне байланысты тағы екі жалақы алған. Сонда журналистің есептеуінше, ай сайынғы жалақысы онсыз да 1,2 миллион теңгені құрайтын Аймағамбетов бір жылда сыйақы ретінде тағы 15 миллион теңге алған. Ең бастысы, ондай сыйақы алатындай бұлардың не іс тындырғаны белгісіз: 2020 жылы мектептер мен университеттер қашықтан жұмыс істеді, ал министрліктің өзі жемқорлыққа байланысты бітпейтін даулардан көз ашпады емес пе? Өткен жылы мектептерге компьютер жетіспей, интернет істемей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектепке арналған қаражаттың қолды болғанына қатысты талай істі әлі тергеп жатыр.  

        Айтпақшы, қазір кей блогерлер мен ректорлар, осы министрдің тұсында жайлы жайғасқан басқа да жағымпаздар министрдің мұндай ақша алуға лайық екенін айтып шырылдап пост жазып, министрлікті ақтауға кірісіпті. Қызық болып жатыр...

                                                

Тегтер: білім басқарма басшы жемқорлық сыбайлас жемқорлық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58