Қуатты өңір - тұрақты даму

Қарлығаш САЙЛАУ

26.04.2022, 19:12

842

Еліміздің әл-ауқатын жақсарту мақсатында арнайы ұлттық жобалар қабылданғаны бізге белгілі. Қазір әлем бойынша аймақтық теңсіздік мәселесі өзекті болып отырған тұс. Міне, осы проблеманы шешу үшін Қазақстан «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасын құрды. Жобаның аты айтып тұрғандай болашақта үкімет өңірлер арасындағы алшақтықты, өңірлердегі өткір мәселелерді осы жоба арқылы  шешуді жоспарлап отыр.  

Негізінен ұлттық жобаның мақсаты – қазақстандықтардың әл ауқатын жақсарту, елдің экономикалық өсімін арттыру. Сондай-ақ халықтың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй жағдайын жақсарту арқылы азаматтар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру. Бұдан бөлек тұрғын үй құрылысын дамыту да елдің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру да осы жоба аясында жүзеге асырылмақ.

Экономика ғылымының докторы Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша, мұндай жобалар нақ қазіргі «Жаңа Қазақстан» аясында жаңа реформалар жасау үшін  өте қажет.

— Бұл жобалар сауатты орындалар болса үміт көп. Дамыған елдердің басым бөлігі осындай ұлттық экономикасын көтеретін жобаларға басымдық береді. Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  айырмашылығы – ұлттық жобаларды бюджеттік қаржыландыру басым болады. Бұрын мысалы, мемлекеттік бағдарламаларда қаржыландыру көлемдері индикативті яғни нобай түрінде ғана  көрсетіліп, мемлекеттік бюджетте анық көрсетілмейтін. Ал ұлттық жобаларда бөлінген қаражат нақты көрсетіледі. Бұл бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуына да септігін тигізеді,-дейді экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов.

 Расында да, деректерге жүгінсек, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны қаржыландыру көлемі 7 568 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджет – 4 022 млрд теңге, жергілікті бюджет – 786 млрд теңге, бюджеттен тыс қорлар – 2 760 млрд теңге (36%).

Айта кетерлігі, бұл қаражаттар тікелей үкіметтің жанынан құрылған арнайы басқарманың бақылауында болмақ. Ұлттық жобалардың жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жетекшілік ететін Ұлттық жобалардың іске асырылуын бақылау басқармасы құрылды.

Өңірлік зерттеулер институтының өкілі Қайсар Нығметовтың айтуынша, мұндай ұлттық жобалар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін де аса қажет.

— Мәселен, бүгінде 1 миллионнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Атап айтқанда 770 мың адам ауылда, 280 мың адам қалада. 53 қалада ағынды суларды тазартумен қамту 70,5 пайызды құрап тұрса, ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғырту және салу қаже. Міне, осы проблеманы аталмыш жоба арқылы шешуге болатыны көңіл қуантады, — деді Өңірлік зерттеулер орталығының директоры.

Негізінен аталмыш жоба аясында үкімет тарапынан 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен 100 пайыз  қамтамасыз етуге және қалаларды ағынды суларды тазартумен толық қол жеткізіледі деп жоспарлануда.

Тек қана ауыз-су, жол көлік мәселесі емес, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына да ұлттық жобада қаржат қарастырылған. Ондағы мақсат ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік салаларға білікті мамандарды тарту. Жалпы, аталмыш жоба қуатты өңір – тұрақты даму екенін айқындай түседі. Ендеше үкімет тарапынан қолға алынып жатқан мұндай жобалар елдің дамуына қызмет етеді деп сенеміз...

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01