Құл ететін құмар ойындар

Әдина ЕРҚАРАЕВА

23.09.2021, 17:30

788

Құмар ойын – сәттілікті серігіне айналдыра отырып қиындықсыз тез әрі жеңіл жолмен олжалы болуға құмартатын ойын түрі. Бұл аталған ойын отбасындағы берекесіздікті тудырып, шаңырақтың шайқалуына, тіпті суицидке апаратын өте агрессивті жол. Өйткені алғашқыда өте тез ұтып, қаражатты болған адам келесі жолы жеңіліске ұшыраған жағдайда да, ол соқыр үміттің арбауында қанағатсыздық танытып, бұл ойынға тәуелді болып қала бермек.

      Дінімізде мұндай ойындар қаншалықты харам болып саналады? Ал құмар ойын психологиялық ауытқудың әсерінен туындай ма? Психологтар не дейді?

«Құмар адам баласын жақсылықтан, құлшылықтан, Алланы еске алудан тыяды және адам баласының жеке өмірін, оның отбасын, тіпті қоғамды тұңғиыққа жетелейтін жаман әрекет болғандықтан, бұл әлеуметтік дерт десек те болады. Сол үшін де біз уақытымызды, есіл күшімізді, мүмкіндігімізді кездейсоқ сәттілікке емес, қажырлы қайратпен алға қойған мақсатқа сай еңбек еткенде  жететінімізді біз ешқашан ұмытпауымыз қажет», – дейді Алматы қаласы «Таугүл» мешітінің бас имамы, ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Ернар Мәжен мырза.

Осы маңызды мәселеге байланысты біз психолог маман ретінде Майра Қуанәлінің де пікірін білуді жөн көрдік. «Адам баласының жақсы болсын, жаман болсын қандай да бір жолды таңдауы ол оның ортасына тікелей байланысты. Әсіресе ересек жасқа жеткенде баланың араласатын ортасына аса мән бергеніміз жөн. Неге? Өйткені еліктіретін де, әуестендіретін де сол орта болып табылады. Әсіресе агрессивті ортадан сақ болғанымыз жөн. Егер баланың бос уақыты өте көп болған жағдайда ата-ананың қадағалауы жеткіліксіз, отбасындағы байланыстың әлсіз болуы бұл да бір себеп болса, адам баласының бойына мінген жалқаулық бұл да тағы бір себеп болып табылады. Баланы жасынан адал еңбекпен табыс табуға үнемі үйретіп отыру қажет. Жеткіншектік жастағы анатомиялық-физиологиялық өзгерістер нәтижесінде баланың ішкі және сыртқы қақтығысы (конфликтісі) күшейетіні белгілі. Бұл өз кезегінде баладағы жоғары қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық немесе цинизм сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеткіншектің жеке-даралық сипаттамасындағы агрессиялық ересектердің түсінбеуіне қарсы протест түрінде де көрінеді, сонымен бірге өзінің қоғамда алатын орнына қанағаттанбаушылығынан туындайды. Агрессиялыққа бала темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы, тез қозушылық, әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-өзі ұстай алмауы сияқты мінез-бітістер ықпал етуі мүмкін. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда бала өсе келе, осы артық энергия еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап,  үлестіріп отырады. Адам агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз».

       Иә, мамандардың пікірі өте орынды. Әрбір жеткіншек адал жолмен әрқашан қадам жасауды үйреніп, өз құмарлығы мен нәпсісін тия білсе екен деймін.

Құл ететін құмардан сақ болайық! Бұл дерт – қоғам дерті. Дертті емдеу біз бен сіз… ?

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31