Құлдықтан қашқан ақтөбелік екі аяғынан айрылған

24.04.2018, 22:17

205

Ақтөбенің 48 жастағы тұрғыны құлдықта болып, азапты күндерді бастан өткерген. Есенбол ДҮЙСЕНОВ құлдықтан қашып шөп-шалам жеуге мәжбүр болған. Аман құтылғанымен екі аяғынан айрылып қалған. Бұл туралы өңірдегі zhasalash.kz сайтының тілшісі Зада ЗЕЙІН хабарлайды.

Есенбол Дүйсенов 2018 жылдың  3-ақпанда Серік деген танысын кездестіріп қалады. Ол Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалықтарының біріне малшыға көмекші керек екенін айтыпты. Айлығы 30 мың теңге деген соң, Есенбол келісе кетеді.-Серік өзі сол қожалықта үш жыл жұмыс істедім, адам керек деген соң, уақытша барайын дедім. Алыс па деп едім, жоқ деді. Таксимен бардық, Сосын Әйтеке биден әрі қарай тағы жүрдік. Бір қарт кісі күтіп алды. Омар деп таныстырды өзін. Малды қарап, жем-шөбін, суын беріп, астын тазартып тұрасың деді. 3-ақпаннан 23-наурызға дейін жұмыс істедім. Бір айға жуықтап қалғанда, қалаға қайтуым керек деп, айлығымды сұрадым. Беретін түрлері жоқ. Әрі-бері айтып едім, қожайын да тыңдайтын емес. Орныңа қалатын адам жоқ, күт деп қоймады.  Әрі-беріден соң таяқпен қолымнан, басымнан, аяғымнан ұрып, көгала торғайдай етіп қоятын болды.   Содан қашуға оқталғам, «снегоходпен» артымнан қуалап жүріп, ұстап алды. Бір күні ебін тауып, қашып кеттім,- дейді Есенбол Дүйсенов.Еңбектеніп тапқан  жалақысын ала алмаған азамат басы ауған жаққа жүре береді. Иен далада арып-ашып, нәр татпаған соң, амалсыз шөп-шаламды қорек етіп, қар суын ерітіп ішуге мәжбүр болыпты. Екі апта дегенде жол бойында кетіп бара жатқан көліктің даусын естіп, қолын сермей береді. Көретін жарығы бар екен, жолшыбай кетіп бара жатқан геологтар  аш-жалаңаш  Есенболды көліктеріне мінгізіп, Хромтау ауданына жеткізген. Ауруханада дәрігерлер туыстарына хабар берген.-Ағамды көргенде, шошып кеттім. Танымай қалдық. Үстінде киімі жоқ, жалаңаш жатыр. Артынан ес жиғаннан кейін сұрастырсақ, жұмыс берушіде  туыстарыма хабарласайын десе, телефон да бермепті. Біз алаңдап, мына жақта бақсы, балгерлерге барып, құмалақ салдырып, іздеп жүрсек, олар осындай бейбіт заманда ағамды зәбірлеген. Бұл не сұмдық? Ертең тағы басқа адамдарға зәбір көрсетпейтініне кім кепіл?  Жағдайды жылы жауып тастайма деп қорқып отырмыз. Прокуратура, ішкі істер бөліміне, бәріне арыздандық,- дейді Есенбол Дүйсеновтің әпкесі Жұмагүл ЖАЙМЫШЕВА. Есенбол Дүйсеновтің  қорғаушысы қазір осы дерек бойынша «Адам саудасы» және «Қауіпті жағдайда қалдыру» баптары бойынша іс қозғалғанын айтады.  Тергеу  жұмыстары әлі жүріп жатыр.Ал Есенбол Дүйсенов болса облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Екі апта далада қалып қойған ер адамның аяғы үсіп кеткен. Дәрігерлер 4-дәрежелі үсік деп диагноз қойып, екі аяғын тізеден төмен кесіп тастапты.  Басқа амал болмады дейді ақ халаттылар. Қазір жағдайы орташа ауырлықта, аурухана әлі екі аптадай дәрігерлердің бақылауында болады.

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31