13.08.2021, 16:10
3317
Сауалға жауап
Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев 2014 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы болып еңбек етті. Бұл мекеме ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ҚМГ компаниялары тобының өндірістік қызметіне инжинирингтік қолдау көрсетеді.
Ж.Құлекеев 2021 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 40-бабына сәйкес «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға іссапарға жіберілді.
Белгілі бір міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қызметкерді бір заңды тұлғадан екінші заңға тұлғаға іссапарға жіберуге болатынын атап өткен жөн.
Іссапар кезінде Ж.Құлекеев «жасыл» энергетиканы дамыту және оған өту мәселелерімен, сондай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеумен байланысты басқа да мәселелермен айналысатын болады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР