Құмшағалда «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ашылды

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 18:21

718

Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің 11 аумағындағы Байтұрсынова, №1 және «Құмшағал» шағын ауданында Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» бөлімінің салтанатты ашылуы өтті.

«Құмшағал» шағын ауданында 7 шағын аудан мен 28 саяжайлары, 18000-ға жуық халқы бар.

Бүгінгі  іс-шараның  басты  мақсаты – Тараз қаласының жұмыспен қамту қызметі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек бағдарламасы бойынша – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  Бұл бағдарлама 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар: Мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы аңықтама беру және адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жоғарыда аталған «Еңбек» бағдарламасы ІІІ бағыт бойынша іске асырылады.

І-ші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

ІІ-ші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

ІІІ-ші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Сонымен қатар, «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы-еңбек нарығының біріңғай ақпараттық базасы бойынша қызмет алушылардың құжаттары қабылданады.

Сондай ақ, жаңадан ашылған Жұмыспен қамту орталығы бөлімінің  өзіне-өзі қызмет көрсету «SMART орталығы» зонасында  азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін барлық электрондық қызмет түрлерін алуға жүгінген тұтынушыларға кеңестер беріліп, электронды еңбек биржасына кіруге мүмкіндік бар.

         Бұл өз кезегінде, «Құмшағал» шағын ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн режимінде де пайдалануға қолжетімді болады.

«Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Құмшағал» шағын ауданында осы бөлімнің ашылуы жергілікті тұрғындар үшін жағымды жаңалық болып тұр. Енді құмшағалдықтар құжат үшін Таразға сабылмайтын болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:45
«Биылдың өзінде 200». Nur Otan үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін қалай шешеді
Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32