Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

24.11.2020, 12:41

1467

Қарағандыда облыстық денсаулық сақтау басқармасының " облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы " құны 68 мың теңге тұратын жартылай бетпердені сатып алған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіге лезде тарап, жұрттың  қызу пікір таласына қалды. Облыстық денсаулық сақтау саласы мұндай бетперденің 200 данасын 13,6 млн теңгеге сатып алыпты.

Әлеуметтік желіде жұрт «нарық қысқан заманда мұндай бетпердені сатып алмаса болмай ма » деп наразы болды.

Келісімшарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған екен. Бағасы жұрттың қызығушылығын туғызған жартылай бетперде туралы ақпарат  мемлекеттік тапсырыс беру сайтында жарияланған.

«Жас Алашқа»  Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұның  әдеттегідей күнделікті тағатын бетперде емес екенін мәлімдеді.

— Бұл негізінен жан сақтау бөлімінде жұмыс жасайтын дәрігерлерге  арналған құрылғы.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және отандық денсаулық саласы ұйымдарының кеңесі бойынша аталмыш категория бойынша науқастарды емдеу кезінде, түрлі интенсивтік терапия шараларын қолдану кезінде қорғаныш құрылғысын дәрігер қолдануы тиіс. Жартылай бетпердені қолдану көзді  ауыз мұрын қуыстарын қорғауға бағытталған  , — деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

200 дана жартылай бетперде " GoldenStag " ЖШС 68 мың теңгеге сатып алынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, мемлекеттік тапсырыс беру барысында мұндай бетпердені бұдан да қымбат бағаға қойған фирмаларда болған. Айта кету керек, құжатта  бетперденің нақты қандай жағдайда қолданылатыны толық көрсетілмеген. Бетперденің техникалық сипаттамасында тек  «сүзгілеу қасиетіне ие және жұмысшылар ауадағы қатты бөлшектер мен булануы қиын сұйықтың әсеріне ұшыраған жағдайда аэрозольдерден қорғайды» деп  қана жазылған.

Дегенмен, біз де өз тарапымыздан бірқатар сайттарды ақтарып көрген едік, мысалы, satu.kz сайтында облыстық басқарма 68 мың теңгеге сатып алған бетпердердер әлдеқайда арзан бағада тұр 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 14:45
Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады
Мариям МАҚСАТ 07.04.2021, 08:17
Қараша халықтан тартып алмаған не қалды?
Еркежан АРЫН 06.04.2021, 15:16
2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19