Құқықтық саясат оңтайлы болсын десек...

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының басым бағыттары

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

09.06.2021, 12:10

805

Ұлттық заңнаманың негізгі салаларын жетілдіру тұрғысында әділет министрлігі мемлекеттік органдар және ғалымдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Тұжырымдама құжаты ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйесін, сыртқы саяси, сыртқы экономикалық қызметті, құқықтық насихатты дамытудың басты бағыттарын айқындап көрсетеді. Әр елдің қарқынды дамуына бірінші кезекте мемлекетте жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың оңтайлы болуы оң әсерін тигізері сөзсіз. Елімізде соңғы жылдары құқықтық саясат төңірегінде маңызды жобалар қолға алынып келеді. Әділет министрі Марат Бекетаев Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша пилоттық жобаның сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті.

– 2020 жылы президенттің тапсырмасына сәйкес, әділет министрлігі дайындаған бірнеше заң қабылданған-ды. Оның ішіндегі ең бастысы – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына толықтырулар енгізілді. Мұнда әйелдер мен жастардың кемінде 30 пайызын партиялық тізімге енгізуге талап қойылған болатын. Бұл өз кезегінде гендерлік саясатты нығайтумен қоса, ел болашағы саналатын жастардың маңызды қадам жасап, саяси жобаларға белсене қатысуына ықпал етеді. Сонымен қатар «Саяси партиялар туралы» заңға енген өзгеріс бойынша саяси партиялар құрып, тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың адам емес, 20 мың адам жинау міндеттеледі. Заңның осы бір тұсы жұрттың оң ықыласын алған еді. Өткен жылы сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған «Атқарушылық іс жүргізу туралы» заңға енген түзетулер қабылданған болатын. «Қолданыста бар заңнаманы бұзғаны үшін жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі қатаңдатылды. Уәкілетті және қадағалау органдарының, жеке сот орындаушылары республикалық палатасының өкілеттіктері күшейтіліп, кеңейтілді. Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құжаттар санының 45 пайызға өсуіне әсерін тигізді», – деді ел алдында есептік кездесу өткізу барысында әділет министрі Марат Бекетаев.

Министрдің пайымдауынша, бірнеше жыл бойы қолданылып келе жатқан дәйекті реформа мен атқарушылық іс жүргізудің электрондық форматқа көшуі де тиімді нәтиже көрсетіп келеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31