Құрбан айтта карантиндік шараларды сақтау қатаң ескертілді

30.07.2020, 06:26

88

Құрбан айт мерекесі биыл 31шілде және 1-2 тамызда атап өтіледі. Айт мерекесінің бірінші күні жұмаға сәйкескелетіндіктен, бұл күн ел заңнамасы бойынша демалыс күні болып есептеледі.Биыл елдегіэпидахуалға қатысты Құрбан айттың өзіндік ерекшеліктері болады.Осығанорай, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы айт мерекесінде карантиндікшаралардың қатаң сақталуын баса ескертті.

    

 Құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды

     Діни басқарма өкілдері биыл карантин талабынорындау үшін мерекелік айт намазы Алматыдағы мешіттерде оқылмайтынын басаайтты. Биыл күн шыққаннан соң, бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады.

          

     Құрбандық мал мешіттерде таратылмайды

      Шектелген карантиндік шараларғабайланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандыққа шалынған мал етін таратудеген болмайды. Құрбандық малдың етін алғысы келетіндердің барлығы мешіттергебармауы тиіс. Оны бізде арнайы құрылған штаб мұқтаж отбасыларға өздері таратады.

                              Онлайн құрбаншалу рәсімі

     Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыбиыл алғаш рет қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Ол qurban2020.kz сайтыарқылы жүзеге асады. Сайтта 30 шілдеге дейін құрбан шалуға онлайн тапсырысберуге болады. Сондай-ақ мұқтаж жандар да құрбандық етін алуға өтініш бере алады.

     Биылғықұрбан шалу рәсімінің тағы бір ерекшелігі – ет түгелдей мұқтаж жандар менотбасыларға үлестіріледі. Бұрын құрбандық етінің үштен бірі құрбан шалған адамғаберілетін де, ол сол еттен тағам әзірлеп, ағайын-туыс, көрші-қолаңғадастархан жаятын. Алайда карантин кезінде мұндай шаралар өткізуге тыйымсалынғандықтан, құрбандық еті түгелдей мұқтаждарға таратылады.
       Құрбандық малқалай таңдалады?

      Тапсырыс беру кезінде ең алдымен өңірдітаңдау қажет. Кейін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді жазып, шалуға ниетті құрбандықмалын белгілейсіз. Құрбандыққа қой, ірі қара, ешкі және түйе ұсынылады. Іріқара мал мен түйені бір немесе жеті адам бірлесіп таңдай алады. Ал қой менешкіні бір адам таңдайды. Одан кейін экранда құрбандық малының құны шығады.

     Құрбандық малының бағасы әр өңірдеәртүрлі:

–      ешкі – 35-40 мың теңге аралығы;

–      тоқты – 40-45 мың теңге аралығы;

–      қой – 50-60 мың теңге аралығы;

–      ірі қара – 300-450 мың теңге аралығы;

–      түйе – 450-800 мың теңге аралығы.

     Тапсырыс мәліметтерін толтырып біткен соң,«Құрбандық есебі қажет пе?» деген сауалға жауап беру қажет. Алайда құрбандықтуралы фото және бейне есеп алу үшін тапсырыс берушінің телефонында WhatsAppмессенджері болуы міндетті.

    

  Құрбандық етін алуға өтініш беру

    Ол үшін сайттың «Құрбандық етін алу үшінөтініш қалдыру» бөліміне өтіп, келесі мәліметтерді жазу қажет:
    – өңіраты;

–       ЖСН, аты-жөні, телефон нөмірі, етті жеткізетінмекенжай;

–       әлеуметтік жағдайын (көпбалалы отбасы, мүмкіндігішектеулі, жалғызбасты және т.б.) таңдап, оны растайтын құжатты жүктеу керек.

    Өтініш берген мұқтаж жандарға құрбандықетін еріктілер таратады.

     Ескерту:

–  ауқатты және мұқтаж емес адамдар өтініш бере алмайды;

–   жәрдемге мұқтаж жандар құрбандыққа шалынатын малдың санына қарай көмекалады.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр
Мариям МАҚСАТ 09:44
«Біз қуыршақ емес, кеудемізде жанымыз бар адамбыз!»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:26
«Бутаковканы» бұтақтап жатқандардың бетпердесі ашыла ма?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 02.03.2021, 13:22
Ахметовтің есебі бір басқа, елдің білетіні бір басқа
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50