Құрылысшыға айналған қызылордалық мұғалімдер

26.08.2019, 13:59

457

Қызылорда облысындағы Жалағаш елді мекеніндегі №201 мектептіңжөндеу жұмыстарын мұғалімдер жасап жатыр. Бұл туралы facebook.comәлекметтік желісінде Ержан АЛДАНАЗАРОВ есімді қолданушы жазды.

«Аудан басшылығындағы шəкірттеріммен аудандық білім бөліміндегі туыстарыма қиянатым тимесінші деген оймен осы мəселеденкөп алшақтадым. Десе де, ұстаздардың жанайқайы жанымды жегідей жеді. №201мектептің күрделі жөндеуіне жауапты мердігер мекеме тендерін ұтып, межегежетпей, мезі қылыпты мұғалімдерді. Тамыз конференциясының таң қалдырар тамашасыболмады. Еңбек демалысынан ерте жұмысқа түсіріп, еріксіз еңбекке жегуқаншалықты қиын. Жөндеуге бөлінген 48 000 000-ның (бейресми ақпарат) егесі негеміндетін аяқсыз қалдырған?


Мұғалімдердің мəртебесін көтеру құрылысқа күштепжегумен өлшенгені ме? Қаншама ана, əйел, жар неліктен əлеуметтік желініжиі қолданушыларға жағдай айтады? Директордың пəрменімен «Телеарна кележатыр» деп ауыздарын жауып, бір бөлмеге қамау қиянат емес пе? «Құлсияқтымыз»деген ұстаздарды құзырлы органдар құшағынаалса екен. Сенбілікті де міндетіндей көрген мұғалімнің құқығы қашан қорғалады?», — деп жазды Ержан Алданазаров.

Осыған байланысты Қызылорда облысындағы «Жас АЛАШ»тілшісі Жалағаш ауданы әкімдігіне хабарласқан еді.

«Мектептегі жөндеу жұмыстарын мұғалімдер жасап жатқан жоқ. Еңбекдемалысында жүрген тұрғындар өздері келіп, мердігерге өтініш айтып, келісім-шартпенжұмыс істеп жатыр. Демалыс уақытында қосымша ақша табу үшін келген тұрғындар.Келісім-шартқа сәйкес еңбекақыларын төлеп беріп жатыр», — деп жауап берді «Жас АЛАШ»тілшісіне Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.


Алайда, әкімдікөкілі «жұмыс жасап жатқан тұрғындардың негізгі жұмысы қандай» деген сұрағымызғажауап бере алмады.

Қабырғасы 1988жылы қаланған мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 380 млн теңге бөлініпті.Құрлыс 10 қыркүйек күні аяқталуы тиіс екен. Құрылыс жұмысымен «Еңбек-құрылыс»республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысып жатыр екен. 150 құрлысшының 80-гежуығы жергілікті тұрғындар.

Бізде №201 мектепте мұғалімдердің қара жұмысқаеркінен тыс салынғанына сенгіміз келмейді. 2019 жылдың 16 тамызы күні президентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Тамыз кеңесінде» ұстаздарды заңсыз басқа жұмыстарғасалатын әкімдерді сынаған еді. Президент сөзін аудан әкімі Қайратбек СӘРСЕНБАЕВестіген болар.  

«Жас АЛАШ» тілшісі облыстық білім басқармасына дахабарласты. Ондағылар «бұл іске қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр» деп қысқағана қайырды.


Фотолар facebook.comалынды.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20