Қылмыскерді тапқан адамға сыйақы беріледі

06.06.2019, 20:19

189

Бауырымыздың өліміне қатысты ақпаратқа сыйақы береміз.Қоғамдық белсенді Ғалы БАҚТЫБАЕВТЫҢ туыстары осындай мәлімдеме жасады.

Белгісіз біреулер қас қағым сәтте атып кеткен қоғам белсендісіҒалы Бақтыбаевтың туыстары қылмыстық іске қатысты  «жабулы қазан жабулы күйде қалмаса екен» депотыр.Марқұм Ғалы Бақтыбаевтың туыстары қоғам белсендісін өлтірген қылмыскертуралы құнды ақпарат беретін жандар болса сыйақы беруге дайын. Қоғамбелсендісі  Ғалының әпкесі  Зәуре БАҚТЫБАЕВА мәлімет нақты болса, мыңдолларға дейін беруге дайынбыз дейді.

«Енді оразаайтта нақты мынадан күдіктенемін деп айтудың өзі дұрыс емес, оны тергеуанықтауы қажет. Пәлен деп айта алмайсың. Өзі қасиетті ораза айында нақақтаннақақ кетті ғой. Жалпы алла бар, ол барлығына куә сондықтан  мұндай босқа төгілген қан босқа кетпейді. Қылмыскер түбінде жазасын құдайданалады, мен соған сенемін»,- деді  ҒалыБақтыбаевтың әпкесі Зәуре Бақтыбаева «ЖасАЛАШ»сайтының  тілшісіне.

Қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевты 2019 жылдың 28 мамырдаЖаңарқа ауданы Атасу кентіндегі үйінің жанында оққа ұшты. Оқ марқұмның басынатиген. Туыстарының айтуынша сол күні марқұмның жанында әйелі болған, ол алдындакеле жатқанда артқы жағындағы Ғалыны басынан атқан. Қатты шошып қалған әйеліүйге кіріп есікті жауып үлгерген, полиция келгенше тосып отырыпты. Бүгінде атынатауға қорқып қалған марқұмның туысының айтуынша Ғалы Бақтыбаевқа бірнеше рет қастандық жасалған.Көлігін өртепжіберген, үйінің терезесін сындырған, соңғы рет ақпанда бетперде киіп алған екіадам аяусыз соққыға жығып кеткен.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қанды оқиғаға қатысты «кісі өлтіру» бабымен қылмыстық істіңқозғалғанын,әзірге тергеу құпиясына орай басқа деректердің жарияланбайтынынмәлімдеді.

Ғалы Бақтыбаевты Жаңаарқалықтардың барлығы біледі.Қоғамбелсендісіне жерлестері мемлекеттік органдардан әділдік таба алмағанда көмексұрап келетін еді. Үнемі әділдік іздеуден жалықпаған Ғалы Бақтыбаевты достары «мандатсыздепутат» деп те атап кеткен. Марқұм  ажалтырнағынан аман қалса биыл 60 жасқа толатын еді. Ол алты баланы тәрбиелепөсірген. Жас күнінде көлік жүргізушісі болып еңбек еткен, кейін денсаулығынаорай мүгедектікке шыққан соң қоғамдық жұмыстармен айналысқан. Қоғам белсендісі  мемлекеттік органдарда бюджеттік қаржыныжымқыру, сыбайлас жемқорлыққа жол беру жайттарына қарсы шығып, өмірінің соңынадейін жемқорлармен күресті.

Фото ғаламторданалынды.





Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15