Қымбатшылыққа қазақтың жалтақ билігі кінәлі!

Әділ АҚЫЛБАЙ

09.11.2021, 09:00

645

Қазақстандықтардың өмірі қиындап, жағдайы нашарлағанда, билік мұны объективті факторлармен түсіндіреді. «Жағдай бұлай да солай» деген қырық мың сылтауды, кәдімгідей, ең жоғары деңгейде айтады.

– Мысалы, елде бензин мен солярка күрт қымбаттап шыға келді. Оның шын себебі – Қазақстанмен салыстырғанда жанармайдың құны Ресейде қымбат, содан кәдімгі пайдакүнемдер оны Ресейге жөнелтіп жатыр.

Мәселен, көмір қымбаттады. Оны да энергетикалық дағдарыстан туындаған жалпыәлемдік тенденция дейді.

Енді жаппай қымбаттау кезегі азық-түлікке жетті. Өзбекстан билігі азық-түлікті арзандату үшін ет пен балық, құс еті, ауыл шаруашылығының барлық өнімдері, тірі ірі қара мал сияқты көптеген өнімдерге қосымша құн салығын алып тастады. Өңдеумен айналысатын кәсіпорындарына жүктемені көбейтті. Ең бастысы, 1 қарашадан бастап «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы Қазақстаннан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалына 25 пайыздық жеңілдік енгізе салды. Нәтижесінде қазақтар қолайлы бағаға сатып алып, жеуі тиіс болған тамақтың көбі өзбекке кетіп қалды. Сосын Қазақстанда, міне, азық-түлік күрт қымбаттап барады.

Менің бір сұрағым бар, – дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев. Оның айтуынша, неге осы Өзбекстан билігі өз азаматтарының өмірін жақсарту үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды, ал Қазақстан билігі өз халқының тұрмыс-тіршілігін қиындата түсу үшін барын салады?

–30-шы жылдары Қазақстанның билігі Мәскеуге жағыну үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдына жан салмай жанталасып, жоспарды 4-5 есеге артығымен орындаған. Оның арты аштыққа ұласты. Енді мына жаңа ғасырда бұл билік Қазақстан халқына тағы бір аштық дайындап отыр ма? Айтпақшы, 30-шы жылдары Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанда, Казвказ елдерінде дәл қазақтар бастан кешкендей ашаршылық болған жоқ. Өйткені олардың шен-шекпенділері дәл қазақтың басшылары сияқты біреуге жағыну үшін жоспарды 500 пайызға артығымен орындаған жоқ, – дейді ол.

Тегтер: қымбатшылық баға инфлияция әлеуметік дүкен

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01