Қыран бүркіт кішкентай балаға түскен
Қырғызстанның Тон ауданыда этно фестиваль кезінде қыран бүркіт 8-жасар қыз балаға түскен. Саят өтіп жатқан жерге жас бала абайсызда тап болған. Оны ұйымдастырушылар да байқамай қалыпты. Бұл туралы Жас Алаш nlkg.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүркіт ақ көйлекте кетіп бара жатқан қызды байқап, жебедей атылып баланың ту сыртынан түскен. Өткір тырнақтарымен бүріп те үлгерген.

Қыздың көрер жарығы бар екен. Құсбегілер бірден көмекке келіп, бірер секундта қыранның шеңгелінен босатып алған. Жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсеткен.Қыранның адамға түсуі бірінші рет болып тұрған жоқ. Бірнеше жыл бұрын көктің тағысы фотограф Игорь КОВАЛЕНКОҒА түскен.
«Алғашында қыранның найзатұяғынан денем қатты ауырсынды, — деп еске алады фотограф. – Оның тұяқтарын суырып алу өтке қиын болды. Аңшы құс шоқып алама деп қорықтым. Құсбегі келгенше қозғалмай жату керектігін түсіндім. Фотопарат үшін уайымдадым. Сол күні өзіме-өзім келуім үшін бір бөтелке арақты ішіп алдым.Ауруханада жараларды тігіп, инфекцияға қарсы уколдар салып берді».Соңғы болған оқиға этно фестиваль кезінде абай болу керектігін білдіреді.
Фотолар:nlkg.kg
Тегтер:
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі
26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі
26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?