25.12.2019, 08:33
174
Қырғызстан көлік жүргізушілері Қазақстан жол полициясы өкілдерініңіс-әрекеттеріне наразылықтарын білдірді. Бұл жөнінде Turmush.kgбасылымы хабарлады.
Қырғызстанның Талас қаласында бір топ азамат орталық алаңға жиналып,Қазақстан полициясы тарапынан қысым көріп жатқандықтарын айтып, наразылықтарынжеткізді. Олардың сөзінше, Қазақстан тарапының жол полициясы екі-үш жыл бұрынғыайыппұлдарды төлетуде. Төлемегендерді ел аумағынан депортациялауда.
«Қазақстанға жүк тасып жүргенадамдарды полиция қызметкерлері тоқтатып, қысым көрсетуде. Егер біз ережебұзсақ тиісті құжаттарын толтырып, біз оны қолданыстағы заңға сәйкес төлейміз.Бірақ, қазір бізге екі-үш жыл бұрынғы айыппұл құжаттарын беруде. Олардыңарасында біз Қазақстан аумағында болмаған күндер де көрсетілген… Қазірайыппұл төлемеді деген желеумен ешқандай ескертусіз 10 адам депортацияланды», — дейді жүргізушілердің бірі.
Жергілікті билік өкілі Қанымет Осмонбеков көлік жүргізушілеріне барлықарыз-талаптарын қағаз жүзінде тапсыруды сұрады және аталмыш мәселе өзге елдіңаумағында болғандықтан мәселені Сыртқы істер министрлігі қарайтындығынжеткізді.
Фото әлеуметтік желіден.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР