13.01.2021, 12:00
1151
Қытайда коронавирус қайтадан таралуда: елде бір тәулікте симптомдары бар 115 және 38 симптомсыз пациент анықталды, деп хабарлайды «Жас Алаш» РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қытайдағы коронавирустың жағдайы туралы Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді.115 жаңа расталған жағдайдың 8-і сырттан келген, қалған 107-сі жергілікті екендігі нақтыланды.
Сонымен қатар, жаңа жағдайлардың 90-ы Хэбэй провинциясында анықталды, онда қаңтардың басында жаңа эпидемия пайда болды. Қазіргі кезде ең күрделі жағдай эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары аймақ деп жарияланған Шицзячжуан қаласында.
Жалпы алғанда, құрлықтық Қытайда эпидемия кезінде коронавирустық инфекцияның 87706 жағдайы анықталды, 82288 адам сауығып, 4634 қайтыс болды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР