Қытайда қамалған қазақ: Қателік өзімнен кетті
Екі жыл бұрын Қытайға жұмыс сапарымен барғанда, қыспаққа ұшырап, елге қайта алмай қалған Қазақстан азаматы Гөзәлнұр ЖЕҢІСҚАЗЫ бүгін Алматыға жетіп, отбасымен қауышты. Сыртқы істер министрлігінің көмегімен әуелі Астанаға ұшақпен жеткізілген Г.Жеңісқазын бүгін Алматыдағы «Сайран» автовокзалында отбасы мен туған-туыстары күтіп алды. Г.Жеңісқазы 2016 жылдың маусымында Қытайға кеткен шағында жеті айға жаңа толған қызы Ләйлім бүгінде екіден асса, анасын екі жасында шығарып салған ұлы Батыл қазір төрт жарым жаста. Екі баласын «Сайран» автовокзалына ертіп келген Жеңіснұр АЯТХАН Астанадан келетін жолаушылар автобусы кешіккендіктен, әйелін бірнеше сағат бойы толқып күтіп жүрді. Ақыры үш сағаттан астам уақытқа кешіккен автобустан түскен Г.Жеңісқазы күйеуі және балаларымен көрісті.Екі жыл бойы күйеуі Жеңіснұр Аятхан мен екі баласын көрмеген Гөзәлнұр Жеңісқазы елге оралғанына қуанышты екенін жеткізіп, өзіне қол ұшын созған Бейжіңдегі қазақ консулдығына алғысын айтты. Қытайда басынан өткенін қысқаша баяндаған ол көп қиындық көрмегенін, тек ай сайын тексерістен өтіп тұрғанын тәптіштеді.–
Қытай заңы бойынша ай сайын телефонды, өзімізді тексерді. Бірақ одан артық күш көрсету болған жоқ. Г.Жеңісқазы Қытайда Қазақстан төлқұжатын жоғалтып алған соң, Шыңжаң билігі Қытай азаматтығын алуға мәжбүрледі деген ақпаратты терістеді.
– Әртүрлі түсініспеушіліктер болып, осында жалған ақпарат жеткен. Ешкім зорлықпен ол жердің азаматтығын қолыма ұстатқан жоқ. Төлқұжатымның жоғалғаны рас, ол уақытта Қытайда істеп жүрген жұмысымды жалғастыру үшін бұрынғы тұрақты тіркеуімді «тірілттім». Г.Жеңісқазының айтуына қарағанда, саяси үйрену орталығына бір аптаға қамалуына тұрақты тіркеуінің жойылмауы себеп болған.
– Биылғы жылдың 23-30 маусымы аралығында саяси үйрену орталығына қамалдым. Өйткені заңсыз тұлға болып танылдым, тұрақты тіркеуді тірілтіп, екі елдің азаматтығын тең қолдандым. Бұл өзімнің қателігім болғаны үшін бір айға саяси үйрену орталығына жіберетін болған. Бірақ Бейжіңдегі қазақ консулдығы араласқандықтан, мені бір аптаға ғана қамады. Бұл жерде көптеген қателік өзімнен кетіп отыр. «Елге неге ертерек келуге талпынбадың?» деген сұраққа Г.Жеңісқазы: «Бұл жердегі көп нәрсені білмейсіз. Сондықтан жараның аузын тырнамайық», – деп жауап берді.Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы қандастардың қудалауға ұшырап, саяси үйрену орталықтарына қамалғаны жөніндегі ақпарат былтыр сәуір айынан бастап тарала бастады. Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде Түркия қазағы Өмірхан Алтын бұл мәселені президент Н.Назарбаевқа жеткізген еді. Президент өз кезегінде мәселенің анық-қанығын анықтауды сыртқы істер министрлігіне тапсырған. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жақында өзі басқаратын ведомствоға 170 этникалық қазақтың қамалғаны жөнінде арыз түскенін мәлімдеген-ді. Әбдірахмановтың айтуынша, қамауға алынған 12 қазақстандықтың тоғызы министрліктің көмегімен қамаудан босатылып, Қазақстанға қайтып оралған. Алайда «Атажұрт ерікті жастары» қоғамдық ұйымы қамауға алынған қандастар саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады. Ұйым өкілі Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, қандастар Шыңжаңға Қазақстаннан са- парлап барған кезінде ұсталған туыстары жөнінде сыртқы істер министрлігіне 170-тей арыз тапсыра алған, ал министрліктің Алматыдағы өкілдігі қандастардың арызын қабылдаудан бас тартыпты. Бүгінде Шыңжаң өлкесінің өзінде тұратын қанша қазақтың қамалғаны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Неміс зерттеушісі Адриан Ценц өз зерттеуінде Шыңжаңда миллионнан астам мұсылманның қамалғанын жазған. Қазақстан президенті 6 маусым күні Қытайға ресми сапармен барып, Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқан еді. Сол сапардың алдында қандастар президенттен Қытайда қудаланған қазақтар мәселесін көтеріп, араша түсуді сұраған. Алайда Қытай басшысы Си Цзинпиньмен кездескен Н.Назарбаевтың Қытайдағы қандастар мәселесін көтергені жөнінде ресми ақпарат жоқ.
Фото автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА
26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ
26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі
25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз