Қытайдағы қандастарға халық болып араша түсу керек

24.04.2018, 23:25

4

Бүгін Алматыда Қытай Халық Республикасындағы қазақ мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Оған қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері бас қосты. Сондай-ақ, Қытайда туған-туыстары қысым көріп жатқандар сөз алды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

БАҚ-да Қытайдағы қазақтардың қысым көріп жатқандығы туралы мәлімет былтырғы жылдан бері тарап жатыр. Бұл проблемадан президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ТА хабардар. 2017 жылы 23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Қытай үкіметінің қазақтарға қысым жасап, құқықтарын таптап жатқанын айтқан. Сол кезде президент бұл мәселені СІМ-не тапсырған еді. Алайда, ҚХР-ғы қудалаулар тоқтар емес.2018 жылы 30 наурыз күні бір топ қандасымыз Алматы қаласы әкімдігіне барып бейбіт шеруге рұқсат сұраған еді. Олар ресми Бейжіңнің саясаты кесірінен туған-туыстарынан ажырап қалғандарын айтқан-ды. Кейбірі тіпті ет жақындарының жазықсыз түрмеге қамалғанын хабарлаған. Бұл туралы zhasalash.kz тілшісі Зере ЖЫЛҚЫБЕК жазған.Бүгінгі бас қосуға Серікболсын ӘБДІЛДИН, Әміржан ҚОСАНОВ сынды саясаткерлер, Қабдеш ЖҰМӘДІЛОВ, Темірхан МЕДЕТБЕК сынды қаламгерлер болды. Қоғамдық тыңдау болғандықтан ба СІМ я болмаса жергілікті билік өкілдері төбе көрсеткен жоқ. Аздаған тәуелсіз БАҚ журналисттері ғана болды. Қазақстандық бірде-бір арналар келмеді.-Қазақстанда осындай бір жиын өтті деп қытай өз саясатын өзгерте қоймайды. Біз билікке талап қоюымыз керек. Көшті күшейтіп жат елдегі бауырларымызды елге көшіріп алып келуіміз тиіс.ЭКСПО сияқты пайдасы аз шараға қыруар қаражат жұмсадық қой. Сол ақшаларды шекараның арғы жағында қалған ағайынға жұмсайық. Оларды көшіріп алу үшін экономикалық тұрғыдан да стимул беру қажет. Қазір орыстың Галкин мен Пугачевасына мыңдаған доллар беріп шақыртатын байлар бар. Солар қандастарымызға атамекенінен баспана салып берсін. Біздің Сыртқы істер министрі мінез көрсетуі ләзім. Бұға берсең сұға береді деген сөз бар. Артында ел барын сезінетін уақыт жетті ғой. Кеше армян халқы көшеге шығып үкімет басшысын орнынан алып тастады. Қытайдағы бауырларымызға шын жанымыз ашыса бізге де қоғамдық қозғалыс керек,- деді саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ.   

Фото: zhasalash.kz

  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34