"Қытайдан қашқан" екі қазаққа үкім шықты

21.01.2020, 13:55

57

Бүгін ШығысҚазақстан облысының Зайсан қаласында шекараны заңсыз кесіп өткен ҚастерМұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының үкімі шықты. Істі қараған судья Шынар Оспанова айыпталушылардың әрқайсысын біржылға бас бостандығынан айыру, 25 250 теңге айыппұл төлеу және Қытайғақайтармауға бұйырды. Сот шешімі бойынша, Мұсаханұлы мен Әлімұлының қамауда қалумерзімі – 5 ай 24 күн. Осы уақытқа дейін қамауда отырған күндерінің бір күніекі күнге саналады.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 5-ікүні ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов шекарадан заңсыз өткенэтникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын сот процесіаяқталғанан кейін Қытайға қайтаратындықтарын мәлімдеген. Кейіннен бұл мәселеәлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қызу талқыланып, көпшілік өзініңнаразылығын білдірген.

Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ беттеріндеҚытайдан Қазақстанға заңсыз өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімқұлыжөнінде ақпарат тараған. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросындаөткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы «саяси лагерьдеқамауда болғанын», Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін"мәлімдеген. Осыдан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті екеуін «шекаранызаңсыз кесіп өтті» деген айыппен ұстап, ертеңінде Шығыс Қазақстан облысынаалып кеткен.

Қазан айының 30-ы күні ҰҚК Шекарақызметінің директоры Дархан Ділманов шекараны заңсыз бұзып өту фактісі бойыншақылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын және бірқатар лауазымды тұлғалартәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын мәлімдеген.

Фото: Әлеуметтік желіден. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 17:16
Қорқытып, айыппұл салмай, құқық бұзушылықтың алдын алу керек
Сайт әкімшілігі 10:57
Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
Сайт әкімшілігі 09:11
Дәрігер коронавирустың жаңа асқыну белгілерін айтты
Сайт әкімшілігі 09:07
24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41