"Қытайдан қашқан" екі қазақтың сотында дау шықты

06.01.2020, 15:27

7

Шығыс Қазақстаноблысы Зайсан қаласында шекарадан заңсыз өтті делінген Қастер МҰСАХАНҰЛЫ мен МұрагерӘЛІМҰЛЫНЫҢ соты болды.

Сот процесіне екіазаматты қолдап Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен, Шымкент және тағы да басқақалалардан белсенділер келген. Белсенділер Қастер мен Мұрагерді босатуды және соттыңәділ өтуін талап етті.

Сот барысындаҚастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайда өздерінің және туған-туыстарыныңқысым көргендігін жеткізді. Олардың сөзінше, өздерінің Қазақстан шекарасынзаңсыз бұзып өтуден басқа амалдары қалмаған. Себебі Қытай билігі төлқұжаттарын2014 жылы жинап алған.

Судья адвокат пенбелсенділердің талап-тілектеріне қарамастан сот отырысын 21 қаңтарға қалдырды.Айыпталушыларды қолдап келген белсенділер мен адвокат судьяның бұл шешіміменкеліспейтіндіктерін және осыған байланысты жоғары сот пен президентке шағымданатындықтарынайтты. 

Соттан кейін белсенділер пикет өткізді. Олардың сөзінше, билік өкілдері белденділерге сот процесіне қатысуға кедергі келтіру мақсатында істі кейінге қалдырған. Өйткені Зайсан қаласы шалғайда болғандықтан сотқа келу белсенділер үшін өте қиын. Бірақ жиналған азаматтар судьяның бұл шешіміне қарамастан келесі сотқа бұдан да көп адам болып келуге уағдаласты. 

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 5-ікүні ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов шекарадан заңсыз өткенэтникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын сот процесіаяқталғанан кейін Қытайға қайтаратындықтарын мәлімдеген. Кейіннен бұл мәселеәлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қызу талқыланып, көпшілік өзініңнаразылығын білдірген.

Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ беттеріндеҚытайдан Қазақстанға заңсыз өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімқұлыжөнінде ақпарат тараған. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросындаөткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы «саяси лагерьдеқамауда болғанын», Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін"мәлімдеген. Осыдан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті екеуін «шекаранызаңсыз кесіп өтті» деген айыппен ұстап, ертеңінде Шығыс Қазақстан облысынаалып кеткен.

Қазан айының 30-ы күні ҰҚК Шекарақызметінің директоры Дархан Ділманов шекараны заңсыз бұзып өту фактісі бойыншақылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын және бірқатар лауазымды тұлғалартәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын мәлімдеген.

Фото: Әлеуметтік желіден. 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34