04.12.2020, 12:13
3695
Қазақстан үшін алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздіге байланысты талаптарды қатайту керек. Олай етпесек, ішкі нарықты гендік модификацияға (ГМО) түскен өнімдер басып алу қаупі басым. Бұл саланы жете зерттеп жүрген генетиік ғалымдар алға тартып отырғандай, қазір әлем бойынша әсіресе Қытай елінде 2000-нан астам өсімдік түрін қосу арқылы көкөніс, жеміс-жидек, азық-түліктер гендік модификациялық жолымен көптеп алына бастаған. Әлем бойынша, соя, қызанақ, қияр, жүгері арахис, бидай, картоп, сәбіз тәрізді өнімдерді химиялық екпе салып-ақ өсіріп, түсімін көбейтіп алу жиілеп барады. Табиғи жолмен өнім алу мәселесі қазір өзекті болып отыр. Осыдан болар біздің қоғам ГМО қосылған өнімдерді де талдап, таразылай алмай жатады. Цитогенетик ғалым Феруза Бекбосынованың айтуынша, бұл мәселе жеке бастың ғана проблемасы емес. Аңғарғанға, бұл қоғамның үлкен дертіне айналып барады.
Еуропа ГМО-сыз өнімді бағалай бастады ал біз ше?
«Зерттеулер көрсетіп отырғандай, біздің халықтың ГМО-ға келгенде сауаттылығы төмен. Қазір сіздің өзіңіз дүкеннен өнім алып жатқанда оған ГМО қосылған ба, қосылмаған ба, нақты тексеріп, зерттеп алмайсыз. Бағасы арзан, қолжетімділігіне бірінші кезекте қарайсыз. Сосын қалтаңыз көтерсе бітті, соны аласыз. Мен алысқа бармай-ақ, өзім білім алып келген Австралияны мысал етсем, Австралияда ГМО өнімдерге қатысты заң талабы қатаң. Олар азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріп отырғандықтан, ГМО өнімдерін сатылымға шығарғандарға салатын салық түрін өсірген. Олардың табиғи өнім өндіретін өндірушілеріне деген ықаласы жоғары. Ал бізде сырттан келіп жатқан импорт тасқынына қатаң талап, тексеріс қойыла бермейді. Қазір дүкендерімізде самсап тұрған өнімдердің басым бөлігі гендік модификацияға түскен өнімдер. «ГМО-сыз» деп қаттама сыртында нақты жазылғанымен бізде оны сатылымға шықпастан бұрын нақты талап етіп зерттейтін зертханалық база жоқ. Осыдан кейін ішкі нарыққа мұндай өнімдер емін-еркін еніп жатыр»,-дейді Феруза Бекбосынова.
Ғалымның пайымдауынша, біз болашақта осы олқылықты реттеу үшін, алдымен азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты заңға өзгертулер енгізгеніміз жөн. Бұдан кейін барып нақты өнімдердің сапасын бақылайтын заманауи зертханалық база құруға күш салу қажет.
ГМО: созылмалы аурудың бастауы ма?
Жалпы, мамандар алға тартып отырғандай, қанша жерден ГМО адам өміріне қауіп төндіру үшін жасалмаған. Ол тек өнімдер суыққа төзімді, ыстықта былжырап кетпеуі үшін қолға алынған әдіс десек те мұндай өнімдердің денсаулыққа кері әсері бар. Бұл ретте медицина ғылымының докторы, профессор Айдарбек Жанқабыловтың айтуынша, ГМО-ға түскен өнімдер созылмалы дерттерді де тудырып отырғанын әлем мойындап отыр.
«Зерттеулерге жүгінсек, соңғы 4 жылда ТМД бойынша созылмалы дерттердің көлемі 7 пайыздан 22 пайызға өсіпті. Бұған қоса азық-түлік өнімдерінен болатын аллергиялық ауруға шалдыққандардың деңгейі де күрт өскен. Негізінде, гендік модификацияға түскен өнімдердің «жемісі» бір күнде білінбейді. Олар жылдар өткен сайын біліне береді. Атауының өзі айтып тұрғандай, гендік өзгертуге түскен гармондар егілген өнімдер қанша жерден адамға зияны жоқ десек те, оның кері әсері болады. Бұл жүйені негізінде Қытай елі ойлап шығарды. Қытай үшін қазір 1,5 млрд халықты асырау оңай болып отырған жоқ. Алпауыт елдердің азық-түлік тапшылығын жою мақсатында қолға алған осы әдісі біздің нарыққа да дендеп еніп кетті. Тіпті бүгінде балалар өнімдерінің кейбір түрдері де трансген өнімдер. Мұны ата-аналар ескеріп те жатпайды. Қарапайым халық гендік модификация дегенді ұғынбай жүр. ГМО-созылмалы аурудың бастауы. Мұның артында халықтың денсаулығы, ұлттың саулығы деген мәселе тұрғандықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан гендік инжинерияға қатысты заң талаптарын қатайту керек. Сол кезде бақылау күшейтіледі»,-дейді Айдарбек Жанқабылов.
Австралияда егілмеген сиырдың бір бүйрегі 150$
Осылайша мамандар алға тартып отырғандай, қазір әлемнің тәбеті ГМО-сыз азық-түлікке ауа бастады. Гентик ғалымдардың айтуынша, Австралияда ГМО-сыз таза экологиялық жолмен өсірілген сиырдың бір бүйрегінің өзі 150 доллар тұрады. Сондай-ақ ол елде табиғи таза ет өнімінің бір келісі 180-200 долларды құрайды.Табиғи көкөністер мен жемістердің бағасы да осы шамалас қымбат. Шетелдерде ГМО-сыз өнімдер бір сөреде «гендік модификацияға түскен» деген атаумен бөлек сатылса, табиғи таза өнімдер келесі сөрелерде бөлек сатылады екен.
«Ал бізде барлығы қабаттасып бірге сөреде тұра береді. Оның ішінен көпшілікке таза өнімді таңдап алу да қиынға соғады. Бұдан кейін қарапайым халық техникалық регламентті оқымай-ақ өнімдерді сатып ала береді. Мұның өзі бізде азық-түлік таңдауда сауаттылықтың жетіспейтінін білдіреді. Сондықтан болашақта осы мәселелерге мән берілсе» дейді мамандар...
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР