Қытайлықтар Қазақстанда ұлт ретінде ресми тіркеле ме?

14.02.2020, 10:12

89


«Алдағы халық санағында еліміздің азаматтығыналған алғашқы «қытай диаспорасы» да тіркеледі. Қытайларды диаспора ретіндемойындап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне тіркейтін болсақ, біз өзқолымызбен еліміздің қытайлануына жол ашып беретін боламыз» деп мәлімдеді,  Adyrna.kz ұлттық порталы жүргізген «Халықтар Ассамблеясы бізге керек пе?» дегенсаулнамаға  жауап берген Дос Көшім.  «… Қазақстан азаматтығын алған қытай ұлтыныңөкілдері ертең саны басым ұлт ретінде Парламенттен орын сұрайды. Бұл олар «ашықтан ашық қорғалады» деген сөз» дейді Дос мырза.

2019 жылдың 19 маусымы күні үкіметтің Қазақстанда2020 жылы халық санағын жүргізу туралы № 419 қаулысы жарық көрген болатын. Оғандипломатиялық өкілдіктерде істейтін шет елдіктер мен жұмысқа, оқуға («Болашақ»бағдарламасынан бөлек) шет ел асқандар қатыспайды.  Елде тұрып жатқан шет елдіктер мен азаматтығыжоқ жандар да өзі туралы мәліметтерін берулері тиіс. Санақ екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңде, яғни, маусым айының 1-нен 30-на дейін санақшылар үй-үйдіаралап, тұрғындарды тіркеу жұмысымен, айналысады. Демек, интернет дамыған, әразамат жеке салық нөмірі арқылы тіркелген заманда баяғыша «етік тоздыруды»қоймаймыз. Үкімет ондай заманға сай санақ үлгісіне тек 2030-шы жылы ғанаөтпекші. Ал, биылғы «жаяу» санақтың бюджетке түсірер салмағы 8 миллиард 200 миллионтеңге.

Бұған дейінгі бір санақты(2009 жылы) өткізгенҚР Статистика комитетінің басшысы Анар Мешімбаева, мемлекет қазынасына ірікөлемде шығын келтіргені үшін, 2014 жылы  ҚК 176 бабының үшінші бөлімі бойынша сотталып,жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Онымен бірге кәсіпкер СерікТұржанов (9 жыл) пен комитет төрағасының орынбасарлары Нұрман Баянов(5) пенБірлік Меңдібаев(6) та сотталып кеткен. Анар Мешімбаев, Серік Тұржановтар өздерінкінәлі деп мойындамаған еді.   

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51