05.03.2018, 23:38
68
Ақтөбелік дәрігерлер жолаушы әйелді өлім аузынан аман алып қалды. Өткен жұма күні 2-наурызда бауыр циррозына шалдыққан 55 жастағы оралдық әйел Астаналық дәрігерлерге қаралуға бара жатқанда пойызда қан құсып, жағдайы күрт нашарлайды. Санитарлық авиация сырқатты дереу Ақтөбеден түсіріп алып, медициналық орталыққа жеткізген.
Донор болуға әйелдің қызы Назгүл Кинеева келісіпті. Сегіз сағатқа созылған ота кезінде ақтөбелік дәрігерлерге Кореядан келген профессор Ли Кванг ақыл-кеңес беріп отырған.
[caption id=«attachment_7028» align=«alignnone» width=«800»]— Биыл ота жасату жоспарымызда болмаған. Бәрі аяқ асты болды. Бұған дейін ағам, иә мен донор болам деп жүргенбіз. Ақылдаса келе, мен бауырымды беруге келістім. Әрине, мен қыз бала болғасын ба, анам келіспеді донор болғаныма. Бірақ, көндірдім. Операция сәтті өтті, соған шүкірлік етемін», — дейді анасына донор болған қыз.
Бойжеткеннің жасы 20-да, медициналық колледждің студенті. Болашақ акушер. Пышаққа түсетінін ойлағанда бойын үрей билегенін жасырмайды. Кейін медициналық орталықтың психологтарымен әңгімелесіп қорқынышы сейілген.
[caption id=«attachment_7030» align=«alignnone» width=«1411»]Жалпы, трансплантациялық оталар аймақта төрт жылдан бері жасалып келеді. Осымен 12-рет науқастың бауырын алмастырып отыр. Ал бүйрек алмастыру бойынша 36 рет операция жасалыпты.
Зада Зейін, Ақтөбе
zhasalash.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР