Қызыл су Қызылордаға да жетті

13.03.2018, 19:07

221

Қызылорда облысындағы Арал кентінің көшелерін қызыл су басып жатыр. Қардың еруі негізінен Жанқожа батыр, Жетес би және Ақтан батыр көше тұрғындарын әбігерге салып отыр. Жаяу жүргінші түгілі көшелерде көліктерде жүре алмай қалған. — Мен Жанқожа батыр көшесінде тұрамын. Көпшілік балаларын мектепке жібермей отыр. Қорамызды толықтай су басып қалды. Баспанамызға кіруге сәл –ақ қалып тұр. Үйіміздің іші сыз. Қабырғаларында сызат пайда болған. Өз күшімізбен құм түсіріп, кішігірм бөгет жасағандай болдық. Бірақ одан еш нәтиже жоқ. Әкімшіліктегілерден үміт үздік. Суды тартып жатқан жоқ. Тек, көз үшін орталық көшелерді тазартқандай болады. Мұндай өтіріктің кімге керектігі бар? Үйіміз төбемізге құласа кім жауап береді, — дейді Арал қаласының тұрғыны Светлана Әбілтай.Ал жергілікті билік өкілдері жағдай бақылауда дейді. Су ортасында қалған бұқараны сабырлыққа шақырады.- Көктемнің алғашқы күндері жылы болды. Қыс бойы жауған қар еріп, әлеуметтік нысандарға қауіп төндірді. Сол себепті барлық техникаларды сол бағытқа жұмылдырдық. Мұнан соң, орталық көшелерді тазартып жатырмыз. Қазіргі күні Аралда күн салқын. Су қатып тұр. Аталмыш көшелердің тұрғындарынан арыз – шағымдар түсіп жатыр. Олардың ешқайсысы назарымыздан тыс қалып жатқан жоқ. Өз кезегімен су тартылатын болады. Қазір аудан орталығында 5 арнайы көлік, 2 су тарту насосы, 2 жүк тиетін көлік пен 1 «Камаз» автокөлігі жұмыс жасауда. Сондай –ақ 54 адам тазалық шараларына тартылды, – дейді Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сая Ерәлиева. Айнұр Манатбай, Қызылорда облысы Фотолар әлеуметтік желіден алынды
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 19.10.2021, 11:16
Жаңарған ҚазҰУ

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31