«Қызылағаштың бес азаматына бостандық сұраймыз»

14.10.2019, 14:11

210

«Атажұрт еріктілері»тіркелмеген ұйымы Алматы облысындағы  «CITIC Construction»компаниясында болған төбелестен кейін қамалған бес жігіттің жағдайына алаңдаушылықбілдірді.

Оқи отырыңыздар: Қытайазаматтарымен төбелескен жігіттер екі айға қамалды

Бекзат МАҚСҰТХАНҰЛЫНЫҢ айтуынша, бұндай оқиға Қазақстандаалғаш рет болып отырған жоқ. Шетелдіктер мен жергілікті жұмысшылар арасындағыдау-дамай Атырау, Маңғыстау облыстары мен Ақтоғайда да болған. Сол себептіқоғамда антиқытайлық көңіл-күй бар. Сондықтан да жергілікті билік өкілдеріқандай да бір кикілжіңнің алдын алу керек еді деп есептейді қоғам белсендісі.

«Талдықорғандағы қазақ пенқытай төбелесі неден басталды? Ең бірінші қытай азаматтары Қанат Жамбыл есімдіжігітті ұрды. Демек бірінші қамаудағы қызылағаштықтар бастаған жоқ. Жолжасайтын базада аспаз әйелге бейәдеп қылық көрсетілген. Қазір аспаз бен Қанат Жамбылжоқ. Күдікке ілінген азаматтардың туған-туыстары оларды таппай отыр. Қазірқоғамда Қытайға қарсы тірлі митингілер өтіп жатыр. Ол жақтағы «саяси үйретулагерінде» жатқан қандастарымыздың ауыр хәлі де бәріне белгілі. Сондықтан дажағдайды ушықтырмай бес азаматты босату керек», — дейді тіркелмеген «Атажұртеріктілері» ұйымының басшысы Бекзат Мақсұтханұлы.

Алматы облыстық полиция департаменті бұған дейін қылмыстықкодекстің 293-бабы 3 бөлімі, 107 бабы 2-бөлімі және 106 бабы 2-бөлімі бойыншақылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. 10 қазан күні сот күдіктілер БерікболРЫСАЛДИНОВ, Бейбіт, Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН және Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАРДЫ екіайға қамау туралы үкім шығарған. Бұл бес күдікті қанша шетелдік азаматты ұрғанытуралы нақты ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыздар: «Екіінімді полиция ұстап алып кетті»


Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31