Қызылағаштың бес жігітін соттаса, митингіге шығамыз

17.11.2019, 12:16

30

Қытай жұмысшыларымен төбелескені үшін екі айға қамауға алынған бес жігіттің тергеуі әлі аяқталған жоқ. Ресми қорытынды сөз де айтылмады. Дегенмен, қоғам белсенділері бұл істі жіті назарда ұстап тұрғандай. Ел ішінде осы іске қатысты сөз көп. Әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашып жазып жатқандар да жеткілікті. Сондай жазбаның бірін автордың рұқсатымен назарларыңызға ұсынып отырмыз.    


"Ұлт намысын қорғап, қытайлықтарды тәубесіне келтірген бес батырымзғабостандық берілсін!  

Бес арысымызды соттаса, оларды қолдап көшеге митинге шығуға дайынбыз!

Соңғы кездеқоғамда қытайдың 55 зауытын елге әкелуге және қытай экспансиясына қарсыхалықтың наразылығы өршіп тұрғанда Қызылағаш ауылында құтырған қытайлардың бірқазақ жігітін жабылып ұруы барша қазақтың намысын одан бетер оятып,наразылықтарын күшейте түсті. Оның үстінетөбелесті алғаш бастаған үш шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, 10тәулікке ғана қамаған.

Алматы облысы Қызылағаш ауылының бесазаматы, қазақтың бес арысы – Берікбол РЫСАЛДИНОВ,ағайындылар – Бейбіт, Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН менСарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАР бұл жағдайды естіп ұлттықнамыстары қайнап, қытайларға жердің иесі ҚАЗАҚТАР екенін түсіндіру үшін барған.Оларды менсінбегесін оның арты төбелеске ұласып, екі қытайлық азамат ауруханатүседі.
10 қазан күні сот шешімімен бес батырымызды екіайға қамауға алып, үстерінен қылмыстық іс қозғалған.
Олар шетелдіктерге жеке мақсатпен немесе ішімдік ішіп бармады, қолдарындаештеңе болмады. Бұл қақтығысты бастаған қытайлардың өзі.

Қызылағаш оқиғасы – бесқазақтың ғана қасіреті емес.
Егер оларға қарсы ауыр үкім шықса, ол тек бес жігітке емес, барша қазаққа қарсышыққан ауыр үкім деуге болады.
Сол себепті өз жерімізде құтырған қытайларды тәубесіне келтірген бес азаматымызға кешіріммен қарап, жеңіл жазамен бостандық берілуінхалық болып талап етеміз!
Бес батырымызға қолдау көрсету, оларды қорғау әр қазақтың міндеті.Батырларымызды қолдайық, қорғап алып қалайық!"


Талғат ҚАТАУОВ, тәуелсіз кәсіподақ ұйым төрағасы.

Жазбаавтордың рұқсатымен жарияланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42