Қызылағаштың жігіттері: Қазақтың намысы үшін шықтық

16.10.2019, 13:27

67

Кешеуақытша тергеу изоляторында жатқан бес Батырымызға кіріп шықтым. Бұдан былайоларды солай атаймын. Жағдайлары жақсы. Қазақтың намысты нар жігіттері барекен, Аллаға шүкір! Изоляторда жұмыс істейтін қазақ жігіттерінің қазақ депсоққан жүректерінен айналдым. Есіктен кіргеннен сырттағы күзет қызметіненбастап, "Қызылағаштағы бес жігітке келдіңіз бе, бауырларымызды ақтапшығыңыздаршы"-деп шығарып салғандарына қалай толқымайсың. Жігіттердібір-бірлеп кіргізді(заң талабы солай) Әр қайсысы бөлек-бөлек камерада жатырекен, соттан кейін бір-бірін көрмепті. Айналайындар-ай, жап-жас, тепсе темірүзетін жігіттердің «біздің анамызддан хабар алыңызшы, жүрегі нашар еді, ауырыпқалмап па, үйде көмір жоқ еді, балалар кішкентай, соларды уайымдап, ұйықтайалмаймыз»- дегенде, жүрегің еріксіз шаншып кетеді екен.Бесеуі де еңалдымен аналары туралы сұрады. АНА сыйлаған адамның жаман болуы мүмкін емес.Неше күннен бері ешкім хабар алмағанға, жапанда жалғыз қалғандай сезініпті.«Тәте, ішіміз қайнап барады»-дейді..«Бәріміздің ішіміз қайнапжатыр, тек РУХ-тарың сынбасын, қалың қазағың қолдап жатыр, бүкіл қазақтілеулеріңді тілеп отыр» — дегенде, көз жастарын жасыра алмады..
Оны көріп, мен қосылып жыладым. «Слабый деп ойлап қалмаңызшы, енді сотталып кетсек те, ризамыз.Бізді қолдап жатқан барлық бауырларымызға сәлем айтыңыз, алғысымыздыжеткізіңіз, біз өзіміз үшін емес, қазақтың намысы үшін шықтық, туған ауылымыздабізге шекелерінен қарап, тайраңдап жүрген қытайлардың бір бауырымызды жабылыпұрғандарын естіп, одан ары шыдай алмадық»-дейді. Қуаныштан, қолдайтын еліңбарын сезініп жылағанның айыбы жоқ деп, өзімді де, оларды да жұбатып қойдым.«Сендер слабый емессіңдер, батыр да жылайды, ол да адам, сендер қазақтыңнамысты халық екенін басқаларға танытқан азаматсыңдар. Енді бүкіл ҚАЗАҚ сендерүшін аянбайды»- дедім. Туған -туыстары да уайымдап, неше күнненбері бір хабарларын ала алмай, Талдықорғанға келгенмен, не кіре алмай, бастарынтауға да, тасқа да ұрып жүрген ғой. Тым болмаса, қоғамдық қорғаушы ретіндекездесуге баруға болатын жақындарына тергеуші неге қаулы шығарып бермеген деп,таң қалдым.Ешкім не қамалғандарға, не туыстарына заң талабын түсіндірмеген ғой.«Біз қару алып шыққан жоқпыз, керісінше қытайлықтар арматура алып,автобустың ішінде дайындалып отыр екен» — дейді біздің жігіттер.Туыстарының айтуынша, қару қолданып, күш көрсетті деген айып тағылған. Сарқытдеген жігіттің көлігін (сонымен барған) қамалған кезде арестке қойған. Қару — жарақ сол мәшинеден табылған деп құжат толтырылған және жауап алу кезіндеқастарында адвокат болмаған дейді. Естіп отырсам, істе шикіліктер көп сияқты.Алдын-ала паника жасамай-ақ қояйық, істегі құжаттармен толық танысып болғансоң, заң шеңберінде әрекеттер жүргіземіз. Тергеу құпиясын жариялауға заңментиым салынғандықтан, істің мән-жайымен тергеу амалдары аяқталғаннан кейін,хабардар етеміз. Алаңдап отырғандарыңызды түсінем, қолдауларыңызға көп рахмет,тілеулес бауырлар! Әр қайсыңыздың қолдауыңыз, бір ауыз жылы лебіздеріңізбатырларымыз үшін де, басқалар үшін де өте маңызды! Іс материалдарымен танысуғаДВД-ға шығып бара жатырмын.
P.S Қастер мен Мұрагердің жайына келсек, шекара аймағындатергеу амалдары әлі жүріп жатыр екен.

Жазбаавтордың рұқсатымен жарияланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 02.12.2020, 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04