"Қызылағаштың жігіттері ұлттың намысын қорғады" (видео)

23.10.2019, 12:36

165

Бүгін Алматыда Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның баспасөз орталығында қызылағаштық бес жігіттің ісі бойыншабаспасөз мәслихаты өтті.Жиынға күдіктілердің заңгері және қоғам белсенділеріқатысты. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Күдіктілердің адвокаты Ләззат АХАТОВАНЫҢ айтуынша, жәбірленуші шетелдікжұмысшылар шағым түсірмеген. Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Бейбіт және НұрболМҰХАМЕТАЛИНДЕР мен тағы бір ағайынды Еркін және Сарқыт САЛҚАНОВТАР қылмысүстінде ұсталды деп жазылыпты іс материалдарында.


«Жігіттердіңүстінен қылмыстық кодекстің 293 бабының 3-тармағы мен 2-бөлігі және 106, 107баптар бойынша іс қозғалды. Бұл өте ауыр баптар. Бұл жәбірленушілерге ауыр денежарақатын салды, қару қолданды деген сөз. Мен жігіттермен уақытша тергеуабақтысында сөйлестім. Олар қару қолданбағандарын айтады. Керісінше арматурақытайлықтар отырған автобустан табылған. Алайда «Салқанов Сарқыттың машинасынанарматуралар табылды» деп полиция іс материалдарына тіркеп қойған. Сондай-ақ, жәбірленушілердіңдепортацияланып кеткені қазір анықталды. Өйткені құжаттары заңсыз болған екен.Бірақ ауыр дене жарақатын алған жәбірленушілер қалай жол жүріп кетеді? Төртқытай ауруханадан жатыр деген ақпар бар. Алайда журналистер барса ондайадамдарды көрмепті. Оны да алдағы күні анықтаймыз деп отырмыз», — дейді адвокатЛәззат Ахатова.

Баспасөз мәслихатынөткізгендер «шетелдік жұмысшылар  жергілікті халықтың ашу-ызасын келтіретінәрекеттер жасаған» дейді.


«Жолсалып жатқан қытайлық компания қазақ жұмысшыларына аз айлық төлеп, сапасызтамақ берген. Аспазшыға дөрекі сөйлеген. Тәуелсіз бақылаушылар тобыТалдықорғанға арнайы барды. Бұл біздің естіп келген жағдайымыз. Бастапқыда бірқазақты үш қытай ұрады. Қорлайды. Соған намысшыл, ержүрек қызылағаштык жігіттербір автобус қытайды ұрған. Ол жерде ондаған қытай болған. Қазақ жігіттері шаңырақиесі кім екенін айтпақ болған. Егер ұрғылары келсе бес-ақ жігіт аттана ма? Ұрудыойласа 50 жігіт боп барады ғой. Олар тек ескерту үшін барған. Өмірлеріне қауіптөндіру үшін бармаған. Бұл менің жеке пікірім. Бұл істе билік кінәлі. Олар еңбірінші өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек еді. Ол жігіттерқазақтың, ұлттың, әрбірден соң мемлекеттің намысын қорғады», — дейді қоғамқайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2019 жылдың 7 қазанайында қытайлық «Citic Construction»компаниясы салып жатқан Алматы-Өскеменавтожолының 303 шақырымында 1998 жылғы Қанат ЖАМБЫЛ есімді жігітті Лянг ЖЕНГ,Ченг ПЕНГЛИНЬ, Чанг ХУЙ есімді қытай азаматтары ұрған. Жеңіл дене жарақатыналуына байланысты олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәуліккеқамалған. Сол күннің ертеңінде Алматы облысына қарасты Ақсу ауданының бестұрғыны қытай азаматтарымен төбелеседі. Соққыға жығылған шетелдік екі азаматауруханаға орташа дене жарақатымен түседі.

10 қазан күні судья Қызылағаш ауылының бес азаматын екіайға қамау туралы шешім шығарды.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?
Батыр ЖАСҰЛАН 22.09.2021, 12:00
Заң астарындағы «жасырынған жоба»
Сайт әкімшілігі 22.09.2021, 11:41
Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Сайт әкімшілігі 21.09.2021, 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39