20.12.2019, 13:45
188
Алматы облысындақытай жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған 5 қазақ азаматына қатысты сототырысы басталды. Ақсу аудандық сотында өткен алғашқы отырысқа жүзге жуық адамқатысты. Олардың біразы залға сыймағандықтан сот барысын монитор арқылы басқабөлмеде бақылап отырды. Сот отырысына шағымданушы тарап, яғни, соққыға жығылдықдеп арызданған қытай азаматтары қатыспады.
«Қарашаның 10 күні сот айыпталып отырған азаматтардыкепілдікпен босату туралы шешім шығарған. Алайда, не себепті екені белгісіз олшешім іс жүзінде әлі орындалмай жатыр. Тергеуші кепілдікті өткізу туралыөтінішті қабылдаудан бас тартса, Ақсу аудандық прокуратурасы бұлтартпау шарасынөзгерту туралы өтінішімізді қабылдамады», — дейді қорғаушы.
Бүгінгі сотбарысында қорғаушы кепілдікпен босату туралы өтінішін тағы да жеткізді. Адвокатайыпталушылардың әрекеті орта деңгейдегі қылмыс болғандықтан, сот олардыкепілдікпен босатуы керек немесе жазасын үйқамаққа ауыстыруы керек деп санайды.Алайда, судья Жадыра ЗАРЫҚПАЕВА адвокат өтінішін қанағаттандырмай тастады. Сототырысы желтоқсанның 24-де жалғасады.
Ақсу ауданында жолсалып жатқан «Citic Construction» компаниясындағы қазақ пен қытай жұмысшыларыныңарасындағы төбелес қазан айының басында болған. Аталған компанияда жұмысістейтін этникалық қазақ азаматы қытай жұмысшыларының жабылып соққыға жыққанынайтқан. Мұны естіген жақын маңдағы Қызылағаш ауылының тұрғындары БерікболРЫСАЛДИНОВ, ағайынды Бейбіт және Нұрбол МҰХМЕТАЛИН, Еркін мен Сарқыт САЛХАНОВТАРқытай жұмысшыларымен төбелескен. Полиция 293 баптың 3-тармағыбойынша іс қозғаған.
Фото: Фейсбук.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР