25.12.2019, 11:51
182
Қытайазаматтарын соққыға жықты деген қызылағаштық бес жігіттің үкімі шықты.
БүгінАлматы облысы Ақсу аудандық соты Берікбол РЫСАЛИНОВ пен Сарқыт САЛХАНОВТЫҢ 2жыл 6 айға бас бостандығын шектеді. Қалған үш азамат, ағайынды Бейбіт жәнеНұрбол МҰХАМЕТАЛИНДЕР мен Еркін САЛХАНОВТЫ 2 жылға бас бостандығын шектелді.
Бұданбөлек, сот бес азаматты 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасына кесіліп, пробациялықбақылауға алуға үкім етті. Сот шешімі бойынша, айыпталушылар сот үкімі күшінеенгеннен кейін 10 күн ішінде Ақсу аудандық пробациялық бақылау басқармасынатіркелуі тиіс.
Еске салайық, Ақсу ауданында жол салып жатқан “CiticConstruction” компаниясындағы қазақ пен қытай жұмысшыларының арасындағы төбелесқазан айының басында болған. Аталған компанияда жұмыс істеген этникалық қазақазаматы қытай жұмысшыларының жабылып соққыға жыққанын айтқан. Мұны естігенжақын маңдағы Қызылағаш ауылының тұрғындары – Берікбол РЫСАЛДИНОВ, ағайындыБейбіт және Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН, Еркін мен Сарқыт САЛХАНОВТАР қытайдың 20-ғажуық азаматын соққыға жыққан. Оның 11-жеңіл, 3-орташа жараланған. Полиция бұліске қатысты 293-баптың 3-тармағы бойынша іс қозғады.
Фото: Азаттық радиосы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР