Қызылағаштық жігіттерді кепілдікпен босатпай отыр

18.11.2019, 16:06

5

Бүгін Алматыда Қытай жұмысшыларыментөбелескені үшін екі айға қамауға алынған қызылағаштық бес жігітке қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға күдіктілердің адвокаты Төлеген БЕРЛІҚОЖАНОВ пен азаматтық белсенділер Әсет ОҢАЛБАЕВ, Қыдырәлі ОРАЗҰЛЫ және қамауда отырған күдіктіБерікбол РЫСАЛДИНОВТЫҢ інісі Азамат РЫСАЛДИНОВ қатысты.

Оқи отырыңыздар: "Қызылағаштықжігіттердің тағдырына бүкіл қазақ алаңдаулы"

Әсет Оңалбаевтыңайтуынша, бұл бес азаматты бұзақыларға жатқызуға болмайды. Олар шетелдіккомпаниядағы теңсіздікке қарсылық танытты дейді.

«Біз барып қазақтың жігітін ұрған үш Қытай азаматынкөрдік. Оларды он күнді қамады да, елден шығарып жіберді.Қазақтың бес жігітіне берген жазаны оларға да беруге болар еді», — деді Оңалбаев.

Адвокат Берліқожановтың айтуынша, бес жігітке тым ауыр айыптартағылып отыр. Негізінде оларды кепілдікпен босатуы керек, бірақ құзырлыоргандар түрлі сылтаулармен оларды босатпай отыр.

«Қылмыс орта дәрежедегі болғандықтан жігіттерді шартты жазаменбосатады деп үміттенемін», — деді адвокат.

ҚыдырәліОразұлының пікірінше, ұсталған бес азамат бастапқыда қытайлардан таяқ жегеноралман баланы арашалаған. «Солсебепті бұл іске жапа шеккен оралман азаматтың да жағдайын қосу керек», — деп есептейді.

Өзін қамалған жігіттердің бауырымын дептаныстырған Азамат Рысалдиновтың айтуынша, қазір билік тарапынан кедергіденбасқа ешқандай көмек жоқ.

«Облысәкімінің түрінде көрген жоқпыз. Талдықорған-Өскементасжолы осымен тоқтап қалмайды. Бұл үлкен жоба. Бұл жағдайды шиеленістірмеуүшін бірінші кезекте жергілікті басшылар мүделі болуы керек қой. Бірақ біз оныкөріп отырған жоқпыз. Керсінше, кедергілер болып жатыр. Бес жігітті ауыржазалағанан кім не ұтады? Төбелесті олар бірінші боп бастаған жоқ қой",-деді Азамат Рысалдинов.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2019 жылдың 7 қазанайында Алматы-Өскемен автожолының 303 шақырымында 1998 жылғы Қанат ЖАМБЫЛ есімдіазаматты Лянг ЖЕНГ, Ченг ПЕНГЛИНЬ, Чанг ХУЙ есімді қытай азаматтары ұрған.Жеңіл дене жарақатын алуына байланысты олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып,10 тәулікке қамалған. Сол күннің ертеңінде Алматы облысына қарасты Ақсуауданының бес тұрғыны қытай азаматтарымен төбелеседі. Соққыға жығылған шетелдікекі азамат ауруханаға орташа дене жарақатымен түседі.

Оқи отырыңыздар: Қызылағаштыңбес жігітін соттаса, митингіге шығамыз

10 қазан күні судья бұзақылық бабы бойынша Қызылағашауылының бес азаматы Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Бейбіт, Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН жәнеСарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАРДЫ екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34